Сабақты жобалау және зерттеу z дәріс №12 Жоспар



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата10.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#136378
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
12-дәріс



ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
САБАҚТЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ
ЗЕРТТЕУ
Z
Дәріс №12


Жоспар:
1. Сабақты біртұтас жүйе ретінде зерттеу, оның компоненттері мен міндеттері,
сабақтардың жіктелуі және түрлері. ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұны
жағдайындағы заманауи сабаққа қойылатын талаптар. 
2. Сабақта бірлескен оқу ортасын құру. 
3. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, сабақтарды жоспарлау.
Жобалау (жоспарлау) - тақырыптық және сабақты жоспарлау, орта және қысқа
мерзімді сабақ жоспары.
4. Lesson Study - педагогикалық тәсіл және іс-әрекеттегі сабақты зерттеу мен
зерттеудің ерекше түрі ретінде


Сабақты зерттеу
ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда пайда болған. Бұл тәсіл Макота
Йошиданың Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жасаған таныстырылымынан
кейін, 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Аталған елдердің
зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық
жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. М. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің
жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. 
Сабақты зерттеу үдерісі. Сабақты зерттеу тәсілі бастауыш және орта мектептерде барлық
пәндер аясында қолданылады. Тәсіл аясында басты назарда «сабақты зерделеу» үдерісі тұрады.
Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқу әдіс-
тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай
игеретінін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі оқушының пән мазмұнын қалай игеретінін –
олардың нақты идеялар мен тұжырымдарға қалай түсініктеме беріп, қалай түсінік немесе қате
түсінік қалыптастыратынын зерделеуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер ойлау кезінде
оқушылардың санасында жүріп жататын үдеріс және олардың жаңа тақырыпты қалай
меңгеретіні туралы түсінік қалыптастырады. Сабақты зерттеу үдерісі бірнеше қадамнан
тұратын циклді үдеріс болып табылады. 1-суретте бұл үдерістің П.Дадли (Дадли, 2013) салған
сызбасы ұсынылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет