129
Тұтас педагогикалық процесс теориясы туралы білім – мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігінің негізі.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жана
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық процестегі
өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына
жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа
базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Көрсетілген белгілер негізінде тұжырым жасауға болады: педагогикалық
процесс оқушылардың ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге
асатын бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір
оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және
қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын.
Біртұтас педагогикалық процестің қасиеттері:
педагогикалық процестің әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі
оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
ынтымақтастық: оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, бір-бірімен
де) үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни
педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы
болады;
«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс
ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат
пен нәтижелердің бірігуімен анықталады;
іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылар) қайта құру
белсенділігімен
анықталады. «Педагогикалық процесс» объектісінің сапасы
оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік
ерекшеліктерінен айырылады;
белсенділік пен қатынастың бірлігі: процеске қатысушылардың барлық
субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен, дербес іс -әрекеттері;
әртүрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;
субъекттілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі
қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету
жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін
біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған
іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса,
онда «мұғалім-ұстаз» жүйесінің тұрақтылығы мен өзін -өзі дамыту мәселесі
шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: