Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-55. «Тәрбие» ұғымының мәні



Pdf көрінісі
бет119/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Сурет-55. «Тәрбие» ұғымының мәні 
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, 
ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны 
өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. 
ҚР Тұңғыш Президенті 
Н.Назарбаев
өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты 
еңбегінде: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қатынасқа көшіру 
кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, 
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделгіш, жан-жақты 
мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, 
педагогика ғылымында тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, 
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азаматты 
тәрбиелеу.
Ал,
 И.Г.Песталоцци:
«Тәрбиенің мақсаты – балаға бастауыш білім, еңбек, 
ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту» – деп ерекше 
атап көрсетеді. 
Неміс педагогы 
А.Дистервег
педагогикалық мәселелерді шешудегі 
сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, мектептің міндеті – 
адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу екендігіне 
баса тоқталды. 
Ресей педагогы
К.Д.Ушинский:
«Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы, 
адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу» – деп, адамгершілік тәрбиесін 
ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырады: «Жақсы әдет – 
адамның нерв жүйесіне жиған адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз өсе 
береді және оның проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады. Әдет капиталы 
пайдаланудан өсе түседі және экономикалық өмірдегі мүлік капиталы сияқты 
адамға өзінің аса бағалы күші – саналы ерік күшін барған сайын жемістірек 
жұмсауға және өз өмірінің адамгершілік құрылысын әр жолы ірге тасынан қайта 
бастамай және өз санасы мен ерік күшін өзі бір рет жеңіп шыққан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет