218
зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету. Оқушылардың білімі –
оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі.
Білім – қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны
калыптастырады.
Білім
қоғамдық-өндірістік
тәжірибеде
қолданылады,
меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке
дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің
дамуына өз үлесін қосады.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу
жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н.Скаткин және т.б.
зерттеді.
И.Я.Лернер білім мазмұнына «Білімнің мазмұны дегеніміз – оқушыға
берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет,
эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі» деген анықтама береді.
Іскерлік
– бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын
іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс
тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның
жұмысты жаңа жағдайда тиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Танымдық іскерлік
бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен
жұмыс және оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді
ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Дағды іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті көп күш
жұмсамай жасауға мүмкіндік береді. Дағды – алғашқыда саналы орындауды
қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде
автоматтандырылуы.
Тұлғалық-бағдарлық оқытудың негіздері.
Тұлғаға бағдарланған технология мәселесі ресейлік ғалымдар еңбектерінде
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап орын алды және «тұлғалық бағдарлы
педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғаға бағдарланған
технология» терминдері пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: