220
Л.С.Выготский болды. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму 2
бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала
дамуының төмендегідей 2 аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды:
1)
Бала дамуының жақын аймағы
–
баланың тек үлкендердің көмегі
арқылы атқара алатын істері.
2) Бала дамуының қол жеткен аймағы
– баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген
кезде дамуға өріс ашылады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен
қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан
материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне
өз үлесін қосады.
Ғалым-психологтар
Л.В.Занков,
В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин
зертханаларында оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер
жасалды.
С.Л.Рубинштейн,
Е.Н.Кабанова-Меллер
және
басқалар
өз
зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге
дайындығы деп түсіндіреді.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді: байқампаздық; өз ойын еркін жеткізе білу; практикалық
іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтау,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Жалпы
орта
білім
беретін
мектеп
оқушыларының
танымдық
қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының
дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін,
ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқуды жолға
қою керек. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
В.П.Беспалько білімді меңгеру иәтижесін төмендегідей 4 иерархия
түрінде сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: