Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет20/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. 
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим 
философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, М.Ф.Квинтилиан және т.б. 
ғалымдардың еңбектері мен идеяларында көрініс табады. 
С.И.Ожеговтың сөздігінде: «Педагог – бұл біреудің тәрбиесімен 
айналысатын, адамды тұлғалық жағынан дамытуға бағытталған адам
»

 
деген 
анықтама береді.
Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім» атанған кемеңгер, 
шығыс ойшылы, ғалым-энциклопедист әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.)
орта ғасырда тәлім-тәрбие беру бойынша 200-ге жуық еңбек жазып, баға 
жетпес мұра қалдырды, ол педагогиканы жеке ғылым деп қарастырмаса да, өз 
трактаттарында оқу, тәрбие, білім беру және т.б. ұғымдарға анықтама беріп,
 
педагогикалық мамандықтың мағынасын жан-жақты ашты. Мұғалімдердің 
моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы Әбу Насыр әл-Фараби 
еңбектерінде былай делінеді: «Мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, 


21 
өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және 
педагогикалық такт сияқты қасиеттер сақталуы қажет. ... Ол тым қатал да 
болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық 
шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық 
қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын 
болады». 
Еуропада ең бірінші болып балаларға және мұғалімдерге арналған оқу 
құралдарын жазған неміс педагогы В.Ратке (1571-1635 жж.) болды. 
Чех педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, 
күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» –
 
дей отырып, балаларды 
оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және 
дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды 
А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, 
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар өз 
еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.
К.Д.Ушинский: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен – 
тарихтағы ең ұлы істердің бірі» – десе, П.Ф.Каптерев мұғалімдердің 
адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту 
мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып 
тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын қатаң талап 
етеді. 
Я.А.Коменскийдің ізбасары К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.) «Орыс 
мұғалімдерінің мұғалімі» атанды. 
Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.) – көрнекті ағартушы-педагог, орыс 
алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы. Ол мектеп жұмысын сабақ 
уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет