Кесте 2 –
Жаңартылған білім мазмұнына көшу нобайы Оқу жылы Мектепалды дайындық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 2015-2016 2016-2017 2017-2018 2018-2019 2019-2020 2020-2021 1 12 Жаңартылған білім мазмұнын ендіру
12 жылдық білім беру
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу
бағдарламалары мен оқулықтарын сынақтан өткізу
11 жылдық білім беру
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері:
-
пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
-
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
-
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді
жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
-
оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани
қасиеттерін қалыптастыру;
-
оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу процесіне
белсенді қатысу.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқушы (үйрену) мен
мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне мақсатты ұйымдастырылған
оқыту оқу процесінің компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл
12 жылдық мектепте оқушының өзгермелі жағдайда
әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын
сапалар кешенін дамытуды көздейді.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене
отырып, әрбір технологияны өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшелендіріп, өзінің
өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен
әрекеттерге тартудың әр алуан әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға ықпал етсе, оқушының мінез-құлқында темпераменті, талабы,
көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін-өзі үйретуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-
өзі дамытуы, өз іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп
отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.