235
Жұмыстық оқу бағдарламасы жалпы білім беретін
мектептің
Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Оқулықтар
оқу бағдардамаларының негізінде жасалады. Оқулық –
оқушыларға білім берудің негізгі көзі.
Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар:
-
оқу бағдарламасына сәйкес болу;
-
оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде
түсінікті болып баяндалуы;
-
пәнаралық байланыс және оны жетілдіру;
-
оқу материалдарының оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
-
оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
-
көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
-
тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған
сұрақтармен жаттығулардың болуы;
-
оқытуда халықаралық тәжірибені ескеру.
Базистік жоспары оқу сағаттарының минимал көлемдері мен білім
аймақтарына біріктірілген міндетті оқу пәндерінің тізімі түрінде орта жалпы
білімнің мемлекеттік және мектептік компоненттерін тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: