238
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі ретінде оқытуды
ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы,
әдістері мен құралдары арасындағы арақатынас. Қазіргі заманғы
мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия,
практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары,
сынақтар, консультация, емтихан, факультатитвті сабақтар және т.б.
Жалпы орта білім беретін мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың
сабақтан басқа да формалары бар: экскурсия, практикумдар мен семинарлар,
оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан,
факультатитвті сабақтар және т.б.
Оқу экскурсиясын
тақырыппен байланыстырады. Экскурсия арқылы
бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын
көреді, оларды қолдануға үйренеді.
Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын
қолданып, қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін
жазады, картамен жұмыс істейді.
Экскурсия көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселенің өзі,
танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері
сыныпта шығарылады. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз
оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10
оқушыдан
40
оқушыға
дейін
болады,
ұзақтығы
40-90
минут.
Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу)
деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: