286
оқушы арасында үздіксіз кері байланыс орын алады. Қалыптастырушы бағалау
кезінде оқушының қателесуге, оны түзетуге мүмкіндігі бар. Қалыптастырушы
бағалау оқушының қабілетін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол
жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу процесін түзетуге мүмкіндік береді, кері
байланыс орнайды.
Жетістік критерийлері оқушыларды жетістікке жетелейтін бірден бір оқу
құралы ретінде қарастырылады.
Жалпы орта білім беретін мектептерге критериалды бағалауды енгізу
төмендегілерге мүмкіндік береді:
-
оқушылардың оқу жетістігін бағалауда бірыңғай стандартталған
тұрғыдан қолдануға, ол бағалаудың анықтығын және айқындығын қамтамасыз
етуге;
-
оқушының дамуын жылдар динамикасында бағалау үшін салыстыратын
деректердің болуына;
-
оқушылардың кең спектрлі дағдыларының даму деңгейін талдауға;
-
әртүрлі факторлардың дағдылардың даму деңгейлеріне ықпал етуін
зерттеуге.
Достарыңызбен бөлісу: