289
анықтамасының жалпы ғылыми және педагогикалық ерекшеліктері мыналар:
әлеуметтік, ғылыми және оқу танымдық
.
Әлеуметтік анықтама танымдылық
шығармашылығы бойынша сипатталады. Дайын білім дегеніміз: субъектіге
ақпаратты
жеткізіп,
объектіні
сипаттап,
оқып-үйренушіге
белгілі
байланыстарын көрсету.
Осы жағдай іс-әрекет тәсілдеріне де қатысты. Оқып-үйренуші дайынды
түсіне алады, себебі оқып-үйренушіге әрбір жүрген жүрісі белгілі. Білімді игеру
арқылы жаңғырту тәсілін оқып-үйренуші өзі ойлап табуы қажет. Өмірде жеке
адамның білімі екі сапамен анықталады: қоғамның деңгейіне сәйкес өмірді
жинақтап көрсете алуы; іс-әрекетті шығармашылықпен іске асыруы. Біріншіге
қажетті дайын білімді игеру тәсілдері: танымдық объектіні немесе таңдамалы
хабарламаны, алынған хабарламаны еске сақтау, жүйеге енгізу. Білімнің бұл
түрі оқып-үйренушіге белгілі базалық білім көзіне негізделеді.
Білім мазмұнының екінші элементін игеру басқаша іске асады, яғни белгілі
бір іс-әрекет тәсілдерінің тәжірибесі арқылы. Білімді осы іс-әрекет тәсілдері
арқылы жаңғырту оқу процесінде дағды мен шеберлікке айналады. Ал дағды
мен шеберлік жаңғыртусыз басқа іс-әрекет түрі тәсілдерімен жанаса алмайды.
Оқып-үйренушілердің білім, дағды, шеберлігінің сапасы мәселелерін
өңдеу педагогикалық әдебиетте кеңінен қаралып, қазіргі уақытта білім, дағды,
шеберлік сапасы әдістер арқылы жүйеленіп, әртүрлі белгілеріне қарай
сипатталып жүр. Білім сапасының жүйесі – сапалық сипаттамалардың
әрекеттескен жиынтығы, жеке адамның дамуы мақсатында жоспарланған,
шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған толық білім.
Қазіргі оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау
жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық
қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: