33
отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық
бастау алады.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері: гуманистік сипаты;
ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты;
қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты
және т.б. (9-сурет).
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып
табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-
әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады.
Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды
шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады.
Мұғалім мамандығы – шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі.
Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық
педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен оның мазмұнын тиімді
құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық
міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды
.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін,
іскерлігін, құзыреттілігін қажет етеді.
Ал құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі
және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе
алатын қабілеті, іскерлігі.
Педагогикалық іскерлік негізінде мұғалімнің кәсіби деңгейі, өз пәнін
жақсы меңгеруі, психологиялық-педагогикалық теорияны жақсы білуі,
сондай-ақ жеткілікті дамыған кәсіби тұлғалық қасиет пен сапаның болуы
оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жеткілікті дәрежеде жүзеге асыруға
мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: