87
Аксиология ғылымының мақсаты – болмыстың, жалпы құрылымындағы
құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген
түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсететін ұғымдарын қалыптастырады.
И.Кант және Г.Гегель немістің ұлы философтарының танымдары бойынша
құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Құндылықтар
теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап,
философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың зерттеулерімен танысу
барысында құндылықтар теориясын өмірге алып келгендігі және оларды
типтерге
бөлуге
арналған
философиялық
әлеуметтік
тұжырымдары
айқындалады.
Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы
адамзаттық
ұлттық
құндылық
тенденцияларына
ғылыми-теориялық,
әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель,
Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева және т.б.) жүргізіп келеді.
Құндылықтарды игеру тетігі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы
арқылы жүзеге асады. Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның өзін
тұрақтандыру функциясында көрінеді.
Адам
іс-әрекетінің
құрылымында
құндылық
бағдар
танымдық-
эмоционалды және оның еріктік жақтарымен тығыз байланысты бола отырып,
жеке тұлғаның шындыққа қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Л.И.Божовичтің пікірі бойынша, құндылық бағдары – адамгершілікке, ал
мінез-кұлық іс-әрекеті – қоғамның маңызы мен тұрақтылығына ерекше мән
береді.
Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының арасында өзара
байланыстар бар. Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының мәнін
ашатын ортақ категория – қарым-қатынас. Ол тұлғаның рухани дамуын талдай
отырып, құндылық бағдарының саналы қатынастар жүйесін қамтиды.
Б.Г.Ананьев жеке тұлға көзқарасын «тұлға қатынасының күрделі жүйесі»
деп, өз іс-әрекетінде басшылыққа алатын бағдар мен мотивтер әрекетіне
бағытталған мақсаттар мен құндылықтар ретінде түсіндіреді. Психологтар жеке
тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық мазмұны – мотивациялық
тұтынушылық сферамен өзара байланысты қарастырады.
Педагогикада құндылық бағдары өмірдегі жеке қасиеттердің қалыптасуы
және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру құндылықтарын таңдап алу процесі
ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: