101
біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас
жасауы.
Индивид адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи
және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық
қажеттіліктің жиынтығы. Әлеуметтендіру–мәдени элементтерді түсіндіру,
әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін
қалыптастыру.
Әлеуметтік бейімделу индивидтің қоршаған орта жағдайларына
ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру,
тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне
баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің
шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен-өзі
болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: «Жеке тұлғаның негізгі функциялары
қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас
жүйесіне қосылу». Тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі,
санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу,
оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей
байланысты.
Жеке тұлға дамуы, оған әсер ететін факторлардың ықпалы туралы,
қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі көзқарастар, бағыттар болған.
Платон мен Аристотель жеке тұлға дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі
үлкендігіне баса назар аударып, биологиялық бағыттың дамуы ықпал етті.
Сол сияқты ХVІ ғасырда преформистік бағыт, Джон Дьюидің жақтаған
прагматистік, Джон Локтың идеясымен әлеуметтік бағыт болған.
С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін
саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады,
яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз
бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: