99
4.
Педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама.
5.
Теориялық зерттеу әдістері.
6.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері.
7.
«Педагогикалық
аксиология»,
«педагогикалық
неология»
«педагогикалық праксиология» ұғымдарының мәні.
8.
Білім беру құндылығының мәні. Қазіргі кездегі басты құндылықтар.
2.3 Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның
дамуы мен қалыптасуының факторы
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді
мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу
факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі.
«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың
арақатынасы.
Тұлға
–
іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі.
Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру»
ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.
Адам – қоғам мүшесі. Адамның адам болып қалыптасуы және оның өмірі
қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының
негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен
қарым-қатынас жасау
процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы
адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен
байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Жаңа туған
нәресте «адам»
деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола
алмайды.
Психология ғылымында тұлға деп қоғамда өз орны мен рөлін білетін нақты
адамды айтады, оның тек өзіне тән жеке қасиеттері бар,
саналы іс-әрекетпен
айналысады. Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне жататындар:
өзіндік сана, даралық, белсенділік, сапаның даму дәрежесі, қоғамдық байланыс
жүйесіне ену, өзін-өзі реттеу.
Психолог Б.Г. Ананьев тұлғаны 3 аспектіде қарастырады:
1)
тұлға-тарихи дамудың нәтижесі (тұлғаның филогенезі);
2)
тұлға-қандай да бір қоғамдық-экономикалық формацияның өнімі;
3)
тұлғаның даралық қасиеттерінің қалыптасуы.
Қазақстандық
философ
А.Н.Нысанбаев
адамның
даралығының
әлеуметтік-философиялық аспектілерін зерттейді. Ғалымдар адамың даралығын
әртүрлі аспектіде қарастырады: әлеуметтік философияның категориясы ретінде,
эволюцияның бір формасы ретінде. Олар «даралық», «адам» және «индивид»
ұғымдарының мағынасын ашады, осыған сәйкес тұлғаның дамуындағы 3
деңгейді анықтайды: индивидтік, даралық, тұлғалық.
М.С.Каган іс-әрекеттің 5 негізгі түрін ажыратады: түрлендіруші,
танымдық, құнды-бағыттылық, қарым-қатынастық, көркемдік.
100
В.В.Давыдов тұлға ұғымдарының мағынасын жете ашады. Тұлға – бұл
индивид, ал барлық индивид – тұлға емес. Сол сияқты тұлға субъект, ал барлық
субъект өзін тұлға ретінде жетілдіре алмайды. Шығармашылық жоқ болса, тұлға
да жоқ; индивид бар болса, репродуктивті
іс-әрекеттің субъектісі бар, бірақ
тұлға жоқ.
Тұлға ұғымы шығармашылық іс-әрекеттің субъектісі ретінде адамның өз
дамуының құндылық қатынастарын сипаттайды. Іс-әрекетті жүргізу – адам
субъект ретінде нақты қызметтер атқаруы: талдау,
рефлексия, мақсат қою,
жоспарлау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, қарым-қатынас жасау.
Тұлға – адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар,
белгілі бір іс-
әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын
мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар
нақты адам және қоғамның
саналы мүшесі, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар,
жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан иесі (46-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: