Қр денсаулық сақтау министрлігі


Талап – бұл сатып алушылық мүмкіндігінен (қабілеттілігінен) туындайтын  қажеттілік.  Ұсыныс



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Далелді мед

Талап
бұл сатып алушылық мүмкіндігінен (қабілеттілігінен) туындайтын 
қажеттілік. 
Ұсыныс
(тауар, қажеттілікті, мұқтаждықты қамтамасыз ету) – бұл сатып 
алушының сұранысы мен тауардың бағасы ескеріліп, ұсынылған қызметтер. 
Маркетингтік қызметтер халық мұқтаждығы анықталған жағдайда, қызмет ілі 
бір сапаға және екі жақты да қанағаттандыратын бағаға ие болған жағдайда 
тауарды (қызмет) реализациялауға мүмкіндік береді. Маркетинг айырбастау 
арқылы да қызметті (тауар) таратуға мүмкіндік береді. 
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, маркетинг – тауарды (қызметтерді) 
өндіру және тарату бойынша сұраныс пен мұқтаждықты сапасы мен бағасын 
ескере отырып, қанағаттандыруға бағытталған қызмет. 
Медициналық қызметтер нарығы
– бұл медициналық технологиялардың, 
медициналық 
бұйымдардың, 
медициналық 
қызметті 
ұйымдастыру 
әдістерінің, фармакологиялық заттардың, дәрігерлік әсер ету мен 
профилактиканың сан-алуандығы. 
Қазір фармакологиялық нарықта маркетинг «медикализациясы» жүріп жатыр. 
Фармацевтикалық компаниялар өздерінің препараттарын қолдануға ұсынады 
және көптеген ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, сондықтан 
орындаушылар, міндетті түрде, медпрепараттарды жарнамалауға еріксіз 
қатысады. Кез келген медициналық мекемелердің маркетинг жоспарында 
келесі сұрақтар қарастырылады: 
1.
Белгілі бір территорияда немесе белгілі бір тұрғындар топтарының 
арасында қызмет көрсетудің (тауардың) жағдайы қандай? 
2.
Осы қызмет (тауар) түріне сұраныс қандай? 
3.
Тауарды (қызметті тарату) дайындау және жеткізуге жұмсалатын 
өндірістік және транспорттық шығын қандай? 
4.
Жергілікті нарықта тауардың (қызметтің) қолданыстағы бағасы қандай? 
5.
Халықтың сатып алушылық қабілеті қандай? 
6.
Ұсынылып отырған өнімнің қазір қолданыстағы нарықтық өнімнен 
ұтымдылығы, тиімділігі бойынша ерекшелігі қандай? 


47 
7.
Қажеттілікке әсер етуге бағытталған медициналық, маркетингтік, 
психологиялық және жарнамалық шарттар бар ма? 
Маркетингтік қызметтің негізгі шарттарының бірі тауар реализациясының 
(қызмет) көп түрлілігі болып табылады. 
Тұтынушылардың жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы әртүрлі болса да, осы 
қызмет түріне қызығушылық танытқан топтардың көп болуы, қолданушыға 
жарнаманың үздіксіз түрде психологиялық әсер етуіне байланысты болады.
Кезкелген тауар сияқты, медициналық қызметтердің де өзіне тән сатылары 
бар, оларды білудің маркетингте маңызы зор: 

қызметті нарыққа енгізу сатысы; 

қажеттіліктің өсу сатысы; 

толысу мен жетілу сатысы; 

қажеттіліктің төмендеу сатысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет