32
түрінде жасалып отырған. Ертедегі түркілер осы тарихтың екі
түріне де ие: олар «Күлтегін» т.б. с.с. жазба шығармаларында
қолбасы
батырлары мен қағандарының
ел құрау қызметін, ел
қорғау
ерлігін, жорық жолдарын
–
шежіре
–
тарихты жазып
қалдырды, олар ауызша әдебиеттерінде ұлы қолбасылары жайлы
қиял
мен мифтік сана құндағында туған тамаша шығармалар
жаратты.
Ертедегі түркілердің осы екі жүйеде жасалған ең ежелгі
тарихи дерегінің де басы Оғыз қаған бейнесіне барып тіреледі:
Оғыз қаған
–
ертедегі түркілердің өз арғы аталарын тарихқа
белгілі еткен алғашқы жазба шежіре мен аңыз
-
әңгіменің ортақ
кейіпкері. Ертедегі Түркілердің арғы аталарының тарихи
әдебиетте
көрінуінің өзі осы Оғыз қағанның тарих сахнасына
келуімен тұстас жатыр. Түркі тектес халықтар тарихының бізге
мәлім басы Оғыз қаған және оның қоғамдық қызметі жайлы
жылнама. Оғыз қаған туралы аңыз
-
әңгіме
–
түрік халықтарына
тән аңыз
-
әңгімелердің (фольклорлық шығармалардың) бізге
келіп жеткен ең ежелгі, ең көне үлгісі ретінде де фольклорлық
дерек көздері болып табылады. Сондықтан бұл құнды мұраны
қазіргі
фольклортану ғылымының деңгейіне сай ғылыми
тұрғыдан зерделеу көкейкесті мәселе болып табылады.
«Оғыз
-
наменің» оқиға желісі бастан
-
аяқ ертегі
-
аңыздар емес.
Әйтсе де, «Оғыз
-
намені» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген
шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар
мынадай топтарға бөліп қарастырады:
1.
Оғыз
-
түрікмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз
батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы
аңыздар енеді.
2.
Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз
күйінде жеткен мәліметтер. Бұл
–
негізінен оғыз тайпаларының
түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп
-
қонуы жайындағы,
оғыз елінің ішкі қоғамдық
-
әлеуметтік өмірі туралы деректер.
3.
Оғыз елінің көрші тайпалармен және тайпалық
бірлестіктермен қарым
-
қатынасы жайындағы аңыздар енеді.
Достарыңызбен бөлісу: