«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет9/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Неігзгі бөлім.
Ал, «Оғыз қаған тарихта болған кісі ме?» деген 
мәселеге келсек, оған кесіп
-
пішіп нақты жауап беру қиын. 
«Оғызнама» кітаби эпосының арғы тегі нақты тарихи оқиғаға, 
тіпті нақты тарихи адамның бейнесіне негізделген болуы мүмкін. 
Бұл эпос 
– 
түркі тілдес халықтардың көне дәуірлердегі аңыз 
әңгімелерін
өз бойына мол сіңіре, үнемі жаңғырып отырған 
шығарма. Оның әр түрлі нұсқасының болуы, оларда ортақ, ұқсас 
сюжеттермен қатар өзгешеліктердің де жүруі соны айғақтайды. 
Жоғарыда
аттары аталған ғалымдардың Оғыз қағанның 
прототипіне біресе ғұн қағаны Мөдені, Тұран патшасы 
Афрасиабты, көне түрік эпикалық қаһарманы Алп
-
ер Тоңғаны 
жатқызуы эпос кейіпкерлерінің бейнесін жасауда типологиялық 
мотивтер көп қолданылуына байланысты. 
Түрік фольклорисі Риза Нұр Оғыз қағанды тіпті Александр 
Македонскиймен де байланыстырады. Құранда аты аталатын 
Зұлқарнайын (қос мүйізді деген сөз) 
– 
осы Македонский, Мидас 
патша мүйізді болыпты деген көне грек аңызы бар, өйткені, 
ежелгі адамдар түсінігі, наным
-
сенімі бойынша артық жаралған 
дене мүшесі, артықша қасиеттің күшті, қайтпас
-
қайсар ерліктің 
символы болған. Александр Македонскийді марапаттаушылар 
оған да осындай сипат бергісі келгені сөзсіз. Бұл аңыз Жақын 
Шығыс пен Орта Азия елдерінде де кең тараған [
5].


26 
Оның басты айғағы эпоста кездесетін зооморфтық 
портретінде оның дене мүшесінің бір бөлігі өгіздікіне ұқсас 
болып келетіндігі мен Оғызбен ұқсастығын Александр 
Македонскийдың да мүйізі болғандығында жатқан сияқты. Осы 
орайда, Х.Короғлы Македонский мен Оғыз
қағанның бір
-
біріне 
ұқсас, жақын келетін бір жайды ескертеді [6]. Ол ұйғыр 
альфавитімен жазылған «Оғызнамадағы» Оғыз қағанның шауып 
алған елдерінің Македонский шапқан елдермен сәйкес келуімен 
байланысты«Оғызнаманың» ұйғыр нұсқасы хатқа түскен кезде,
түркі халықтары мекендеген жерлерде араб мәдениетінің, ислам 
дінінің ықпалы күшті болғаны белгілі. Ауызша тараған 
шығармаларда діннің әсері анық байқалатынын ескерсек, осы 
«Оғызнамада» ондай күшті әсер байқалмайды. Сондықтан да
ғалымдар
бұл шығарманы қоспасыз таза түркі тілінде жазылған 
деп бағалайды. Бұдан түйеріміз, «Оғызнама» 

ислам дінінің 
таралып, үстемдік сипатқа ие бола бастауынан бұрын туған 
шығарма. Ұйғыр нұсқасы «Оғызнаманың» ел арасында ауызша 
нұсқасының емес, ертеректе хатқа түскен нұсқасынан жасалған 
көшірме. Бұл 
– 
бір. Екіншіден, «Оғызнаманың» тілі қазақ 
оқушыларының түсінуіне онша қиындық келтірмейді. Демек, 
бұл аңыздың авторы ұйғыр емес, қазақ даласының тұрғыны болса 
керек деген В.В.Бартольдтың пікірі негізсіз емес [7].
Бүгінгі бізге белгілі эпостың көпшілігі ХІХ
-
ХХ ғасырларда 
хатқа түсті. Сондықтан да ауызша сақталған жырлардың 
барлығына да кейінгі дәуір тарихи жағдайлары мен дәстүр дамуы 
әсер
етпей қалмайтыны өзінен
-
өзі түсінікті. Ал, «Оғызнама» 
эпосы қағазға орта ғасырда түскендіктен, өзінің көне дәстүр 
үлгісін
сақтап қалған.
Сонымен, «Оғызнама» әңгімесінің басы мифология, ортасы 
этногенез, шежіре, аяғы тарих элементі болып келеді. Тарих 
сарыны ислам элементінде жүр. 965 жылы Буграхандар Ислам 
дінін алғанмен, Жетісу (шугай) елінің
қалың көпшілігі көк тәңірі, 
манихезм, шаманизм дінінде қалған еді. Қазақтар Жетісуда ислам 
дінін 1414 жылы, қырғыздар ХҮІІ ғасыр басында қабылдайды. 
Қазақстан
тайпаларында көп заман көп дінділік болды [8,70].
Рашид ад
-
Дин мен Әбілғазының еңбектерінде кездесетін 
қыпшақ, қаңлы, қарлық, қалаш сияқты рулардың пайда болуы 
туралы генеалогиялық әңгіме сөз болып отырған ұйғырша 


27 
«Оғызнамада» да бар. Бұл нұсқалардың айырмашылықтары да 
бар. Мысалы, ұйғыр нұсқасында қалаш руы атауының 
этимологиясы аталу себебін былай түсіндіреді: «Оғыз қаған 
жолда үлкен үйді көреді. Үйдің төбесі алтыннан, түндіктері 
күмістен, есіктері темірден еді. Жабық еді, кілт жоқ еді. Әскердің 
ішінде бір жақсы шебер ер бар еді, оның аты Төмірдү Кагул деген 
еді. Оғыз қаған жарлық қылды, сен осында қал, есікті аш. Есікті 
ашқан соң ордаға қайтарсың деп еді. Содан Оғыз қаған оған 
«Қалаш» деп ат қойды». Туындыда сонымен қатар 
кейіпкерлердің Қағарлық, Қаңғалық, Қыпшақбек атауларының
туындыда бір себепті баяндалады. Әрине, бұл халықтың әрбір 
тарихи
құбылыспен болжам жасайды [9]. Оқиғаны өздерінше 
түсініп, аңыздауының салдары. Ал, тарихи деректер бұл 
рулардың шығу тегін, даму, қалыптасу жолдарын басқаша 
түсіндіреді. Ол

өз алдына мәселе.
Ежелгі 
түркі 
әдеби 
мұраларында 
мифологиялық, 
фольклорлық сарындар мол кездеседі. Тарихи, топонимикалық 
аңыздар 
– 
баға жетпес рухани құнарлы қазыналар. Солардың 
санатынан орын алатын «Оғызнама» 
– 
кітаби эпос
ескерткішіндегі ерекше көрініс тапқан. Оғыз қағанның үйлену 
баяны, Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген
перзенттерінің 
тууы хикаялары, өздеріне тән ерекше бір көркемдік ішкі қуат, 
сол арқылы талай ғасырлар бойы оқырмандардың жүрегін қозғап, 
сезімін оятумен келді. 
Ғалым
А.Егеубаев: 
«Кейіптеулердің 
өзі 
мифтік 
шығармалардағы арында асқақ мәнерге (гротеск) ұласып, ірі 
ұғымдармен
шарпысып қалады», 

деп жазады [10]. Оғыз қаған 
әскерін
Еділден сал жасап өткізгені үшін Ұлық Орда бекті 
жарылқауы туралы аңызда өткен ғасырлар тарихынан сыр 
шертуімен құнды. Арлан көк бөрінің Оғыз қаған әскерінің жол 
көрсетіп бастап жүруі де, Мұзтауды жаңғыртып тұрғанын түркі 
халықтары фольклорындағы бөрі тотемін сенімнің ізін 
айғақтайтын аңыздық проза үлгілері байқалады. Оғыз қаған 
ұлдарының
есімін аспан денелерімен байланыстырып ат қоюы, 
ежелгі космогониялық мифтердің нышандарын байқатады. 
Аңыздар, тарихи жырлар мен хикаялар секілді мифологиялық 
сарындар ерте ғасырлардағы түркі әдеби ескерткіштерінің


28 
әрқайсысында
әр түрлі дәрежеде көрініп, көркемдік
-
эстетикалық
дүниетаным көкжиегін кеңейтіп отырған.
Зерттеуші Б.Сарбасов ежелгі түркі ескерткіштеріндегі 
антропонимдердің өзіндік сырларына назар аударады:
«
Түркі 
антропонимдерінің өзін иісі түркі табиғатына тән жалпыға ортақ 
ұғымдағы
есімдерге, әр түрлі ру атауларының лексикалық 
ерекшеліктеріне орай белгілі бір топтарға, тайпаларға 
орайластыра саралауға болар еді. Түркі тарихында лауазымды, 
асыл текті мәртебесін білдіретін сөздерді тіркеп айту түрінде
қалыптасқан. Олар негізінен «бек», «хан», «хақан», «қаған» деген 
дәстүрлі атаулар болып келеді. Мәселен, «Оғызнамада»: Оғыз 
қаған, Ұлық
Түрік, Алтын қаған, Ұлық Орда, Қыпшақбек,
Қағарлықбек, Сақтап, Темірлі, Қалаш, Қаңқалы, Ай, Күн, 
Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз т.б. Бірде адамның ата тегін, шыққан 
руларын аңғартса, бірде ол атаулар өзінің жеке басының 
сипаттарын білдіріп тұрады. Кей
-
кейде туған уақытын, 
әлеуметтік
жай
-
күйін сездіріп қалады. Қайсыбір ру, тайпа, ел
-
жер 
аттары үлкен тарихи оқиғаларды еске салады. Мәселен,
«Оғызнамадағы» ағаштан арба жасаған шебер адамға «Қаңқалы» 
деп ат қойылуы қаңлы руының адамзат өркениетінің дамуына
қосқан үлесін айқындаса керек
», - 
дейді
.
Жан
-
жануарларға, хайуанаттарға тіл бітіру, адамша әрекеттер 
жасағанын суреттеу ғалым С.Қасқабасовтың еңбектерінде 
кеңінен қарастырылған. Жалпы, бөрі ұғымы түрік баласы үшін 
өзгеше
киелі, өзгеше әсерлі болуының осынау құдіретті қуаттың 
қазақ
әдебиетінде небір керемет келісті суреттері барлығының 
дұрыстығына көз жеткізеді. 
Ғалым
Ә.Қоңыратбаев: «Әрбір әдеби шығарманың тарихи 
астары болатынын да естен шығармауымыз керек. Тарихсыз 
әдебиет
жоқ», [11] 
– 
деп жазады. Негізінен тарихи шығарма, 
тарихи шежірелік, танымдық сипаты басым «Оғызнама» 
эпосында поэтикалық символдарды жиі кездестіруге болады. Көк
сәуледен шыққан көк бөрінің рухы да әлдебір жұмбақ, құпия 
сипатымен түркі халықтарының көне көркем де әсерлі наным
-
сенімдерінен хабар береді. Поэтикалық рухы жағынан оған 
үндес
туындылар 
– 
«Көкбөрі», «Ергенекөн» дастандары.
Әдеби
тарихи көне мұраларда поэтикалық, рухани сипат 
күшті болады, дастандардың эстетикалық көркемдік, танымдық 


29 
көкжиегі болады. Соған орай тарихи дастандардың қоғамдық
қызметі
зорая түсті. Сөйтіп, ежелгі бастаулардан түзілген тарихи 
сана мен тарихи шындық жағынан көркемдік шешім тығыз 
астасады. Көк бөрі образының өзі бір түркі түркі халықтарының 
көне түсініктерінің әр айтушы репертуарына енген сайын
жаңғырудың бастан кешіретіндігін аңғартатын мифтердегі тұтас 
күрделі тарихи поэтикалық құбылыс. Ежелгі оғыздар 
заманындағы дала дастандарының поэтикалық түзілімі, солайша, 
көркемдік танымның өзіндік ерекшеліктерін айқындап та тұрады. 
Әдеби
мұралардан қай кезеңде болсын тарихи сананың табиғаты, 
көркемдік таным өзгешеліктері байқалып тұрады. 
Талай жерді аралап, талай жойқын соғысты басынан кешірген 
Оғыз қаған алыс сапардан балаларымен және халқымен бірге 
аман
-
есен оралуының құрметіне үлкен той жасайды. Бұл той 
халық көңілінен шығып, керемет, таңғажайып түрде өтті. Оғыз 
қаған
өзінің ақ сақалды, ақ шашты, данышпан қарт шешені 

Ұлық
Түріктің кеңесі бойынша халқын жинап, құрылтай 
шақырып, бектеріне билігін айтып, ұлдарына ақыл
-
кеңес беріп, 
ел
-
жұрты мен қалаларын, дүние
-
мүліктерін тең қылып бөліп 
береді.
Оғыз паш етті өзінің мырзалығын,
Алты ұлына білдірді ырзалығын.
Әкесіне
көп көмек берді олар,
Ақыл, ерлік істерімен халыққа ұнар

Шығарма авторы халық әдебиетінің терең қатпарларындағы 
сөз асылын іріктеп, шығармашылық талғаммен пайдаланған. 
Автор Оғыз қағанның басынан өткерген оқиғаларын өлеңге 
қосып, асқақтата жырлап отырған.
«Оғыз қағанның алты ұлынан тараған ұрпақтары көп еді. Күн 
хан оларды 24 тайпаға бөлді. Оларды екі
-
екіден бір Ордаға 
бағындырып, 12 аймақ ел жасады. Бұл он екісінен тараған 
тайпаларды «жүздік» деп атады. Қазақтың «үш жүзі» осы кезде 
шыға бастады. 12 ата жалайырдың шығуы да осы жүйемен 
байланысты», 

дейді зерттеуші М.Жолдасбеков [12,129].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет