«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет12/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім

«Оғыз
-
наме» эпосын қазақша аударып
арнайы зерттеген тілші ғалым Қ. Өмірәлиев 1985 жылы бұл 
туындыны қазақ тіліне аударып жарияласа 
(III – XII 
ғасырлардағы
көне түркі әдеби ескерткіштері), 1988 жылы «Оғыз 


33 
қаған
эпосының тілі» атты монографиялық зерттеу жазды. Бұл 
еңбекте Қ. Өмірәлиев аталған аңызды түркі халқына тән аңыз
-
әңгімелердің
бізге келіп жеткен ең ежелгі, ең көне үлгісі екеніне 
назар аударады. Дастанның тілдік және жариялану мерзіміне 
қарап, оны бірыңғай 
XIII 
ғасыр
мұрасы деуге болмайтынын, 
қайта
ол
І 
– 
ІІІ ғасырларда түпкілікті жасалған әдеби мұра деген 
ғылыми
пікір мен эпос сипатты аңыз
-
әңгіме осы Оғыз қағанның 
әрекетіне
немесе ежелгі хундардың қағаны Модэ әрекетіне 
құрылуын
ескеріп, «Оғыз
-
наме» эпосы тарихи негізі бар 
фольклорлық шығарма деген қорытындыға келеді
[2,6].
Қ.Өмірәлиев бұл ғылыми тұжырымдарына 
III 
ғасырда
«Күлтегін» ескерткіші мен «Алып Ер Тоңа» жырының, сәл 
кейінірек (Х 
– 
ХІ ғасырларда) қырғыздың «Манас» эпосының, 
сондай
-
ақ «Құтадғу біліг» дастанының дүниеге келуін дәлел 
ретінде келтіреді. Екі бөлім, бес тараудан тұратын «Оғыз
-
наме» 
эпосына негіз болған аңыз, әңгімелер мен оның жанры, 
грамматикалық құрылысы, баяндау жүйесі, транскрипциясы, 
эпостың сөздігі жеке
-
жеке қарастырылады. Осындай елеулі 
жаңалықтарымен бұл монографиялық еңбек күні
бүгінге дейін 
өзінің
құндылығымен маңызды. 
Келесі бір назар аударарлық зерттеу Т. Қоңыратбаевтың 
«Оғыз
-
наме аңызының нұсқалары» деп аталады. Мұнда ол осы 
эпосқа арналған Еуропа және орыс зерттеушілерінен тыс, қазақ 
ғалымдарынан
Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Дүйсенов, Ә. 
Дербісәлин, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев,М. Жолдасбеков, Н. 
Келімбетов еңбектеріне талдау жасайды. Сондай
-
ақ, автор 
бұрынғы В.В.Радлов пікіріндегі Оғыз хан мен Бұқа ханды бір 
адам деп көрсеткеніне назар аудара отырып, бұған қарсы 
жырдағы Оғыз жорықтарын І
-
ІІІ ғасырлардағы Түркі қағанаты 
кезеңінен, атап айтсақ, Қапаған, Могилан, Күлтегін 
оқиғаларынан алынғаи болу керек деген профессор Ә.
Қоңыратбаев
пікірінің ғылыми ұстамдылығын ашып 
дәлелдейді. Ғалым «Оғыз
-
наме» эпосының тілі туралы айта 
келіп, осыған байланысты ұйғыр, өзбек, қазақ диалектілерінің 
«Оғыз
-
намеден» бастап өзіндік сипатпен дараланып айқындала 
түсті деген ойының дәлелді екеніне зер салады. Осы 
тұжырымдардың жиынтығы ретінде «Оғыз
-
наменің» аңыз, 
әңгімелерге
құрылған
әдеби туынды екеніне, онда қара сөзбен 


34 
қатар, өлең жолдарының да ара
-
тұра кездесетінін атап керсетіп, 
автор: «Соңғы кезде «Оғыз
-
наме» аңызының прозамен қатар, 7
-8 
буындық поэзия (жыр) үлгісімен жазылғаны дәлелденіп отыр. 
Оны біз Ә. Дербісалин, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев 
еңбектерінен көреміз» 
– 
деп жазады. Мұнымен бірге Т. 
Қоңыратбаев
аталған жырдың тіл мен әдебиетке қатынасын 
тереңірек ашып, оқу орындарында жүйелі түрде оқытудың 
міндеттеріне тоқталады.
Зерттеуші Н. Келімбетов: «Оғыз
-
наме» эпосы өзінің формасы 
мен мазмұны жағынан ертегіге де, батырлар жырына да 
жатпайды. Мұның өзі тарихи негізі бар фольклорлық шығарма» 
– 
деп ой түйеді [3,112]. Ал енді «Оғыз
-
наме» эпосы әуелде 
ауызша жасалып, кейінірек барып қана жазуға түсірілген 
шығарма екені мәлім. Ал шетелдік түрколог ғалымдар бұл көне
ескерткішті «Оғыз қаған» туралы аңыз деп атайды. Қ. Өмірәлиев 
өз зерттеуінде Оғыз батыр жайындағы эпосты сюжеті мен 
композициясына сәйкес келетіндей етіп, он жеті желіге бөліп 
берген. Сонымен бірге, ол әрбір сюжеттік желіге шартты түрде 
тақырып қойып отырған. Мұның өзі эпосты неғұрлым тереңірек 
танып
-
білуге мүмкіндік туғызады. Әрбір желіге қойылған 
тақырып шығарманаң өз мәтінінен алынған. Бұл желілердің
тақырыптарына қарап
-
ақ эпостағы оқиғаның басталуын, өрбуін,
шиеленісуін, қалыптасуын, түйінін аңғаруға болады [3,112].
Көне түркі дәуірінің жазба әдеби мұралары «Күлтегін, 
Тоныкөк, Білге қаған ескерткіштері», «Қорқыт ата кітабы», ислам 
дәуірінің мұрасы болып табылатын «Диуани лұғат ит
-
түрк», 
Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиеттің үлгісі Хорезмидің 
«Махаббатнама» дастандарын, XIII ғасырда хатқа түскен «Оғыз
-
наме 
– 
кітаби эпос ескерткішімен» салыстыра зерттеудің маңызы 
зор. Ол үшін мына мәселелерді басты назарда ұстау қажет: 
Біріншіден, аталған көне түркі дәуіріндегі мұралар: «Күлтегін, 
Тоныкөк, Білге қаған» (VІ
-
VІІІғғ), «Қорқыт ата кітабы» (ХV
-
ХVІғғ) бұл екеуі ерте дәуірде пайда болғанымен, жоғарыда 
көрсетілген мерзімде хатқа түскен. Әрі бұл шығармалар түркі 
халықтарының тарихи
-
генеологиялық, шежірелік сипаттағы 
эпостық мұралары болып табылатындығы Қ. Өмірәлиев [3], И.В. 
Стеблева [4], С.Қасқабасов [5] еңбектерінде толық дәлелденген.


35 
Кейінгі дәуірде жазылып алынғандықтан, аталмыш 
шығармалар фольклорлық сипаты көбірек сақталғандығы анық. 
Әйтсе де, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған ескерткіштерінің 
тарихи оқиғаның ізі суымай сол оқиғаға тікелей араласқан 
адамдардың басшылығымен жазылуы 
– 
шығарма сюжеттерінің 
реалистік сипатта өрбуіне ықпал еткен. Біз салыстырып отырған 
«Оғыз
-
наме» 
– 
кітаби эпосы да осы дәстүрде дүниеге келген, 
көшпелілер үшін өткен тарихты, арғы
-
бергі рухани мұраларды 
жатқа білу дәстүрінің бұлжымас заңдылық болғаны да белгілі. 
Соған сәйкес шығармалардағы тарихи шындықты бейнелеу 
тәсіліне, жеткізу амалына ерекше назар аударған жөн.
Адамзат дамуының қай кезеңі болмасын, мәдениет атаулы 
өзіндік өрнегімен қайталанбас төлтумалығымен ерекшеленеді. 
Халықтың ертеңгі болашаққа деген ұмтылысы, даналық ой 
– 
тұжырымдары, қоршаған дүниеге көзқарасы әртүрлі формада 
көрініс табуы орынды. Осы заңдылық тұрғысынан келсек

адамзат мәдениетіндегі асыл қазына 
– 
«Оғыз
-
наме 
– 
кітаби эпосы 
ескерткішін» бір дәуірдің дара туындысы ретінде қарастыру, сол 
заманның мәдени дамуын, рухани байланыстарды жете 
түсінбегендік болып табылар еді.
Кез
-
келген тарихи, әдеби мұраның дүниеге келуін кездейсоқ 
құбылыс ретінде қарастыру мүмкін емес, әлемдегі барлық 
жаратылыс атаулының өзіндік эволюциялық даму заңдылыгы 
бар. Осы тұрғыдан келгенде «Оғыз
-
наме» 
– 
кітаби эпосын түркі 
халықтарының XIII ғасырдағы фольклорлық мұрасы деп 
қарастырамыз. Ең бастысы, тарихи дерек көркемдік тұрғыдан 
жеткізілген. Алайда, кейбір фольклор үлгілерінің тарихи дерек 
көзі ретінде алынғандығы да жасырын емес. Соңғы жылдары 
ұлттық фольклорымыздың тарихи тегі мен деректік 
маңыздылығы үлкен
қызығушылық туғызып отыр.
Эпостарымыздың да туу, қалыптасу үрдісінде әр түрі 
сюжеттік сатылардың оқиға кезеңдерінің сығымдалып, 
жинақталуының мол тәжірибесі бар. «Оғыз
-
наме» 
– 
кітаби эпосы 
сандаған ғасырлардан тамыр тартқан көмескі оқиғаларды 
– 
аңыздық, шежірелік арналар арқылы жинақтап бір
арнаға түсірсе, 
автор өзі куә болған дәуір шындығын оқиғалар ретін сақтау 
арқылы бас қаһарманның басына тұтастандырған. Халықтың 


36 
рухани қазынасын тарих қатпарларынан жарыққа шығарып, ел 
есінде сақтау, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
Зерттеуші Б.Сарбасов «Оғыз
-
наме» кітаби эпос ескерткіші» 
атты зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде
төмендегідей қол жеткен нәтижелерді ұсынып атайды: 
– 
«Оғыз
-
наме» ескерткішінің жанрлық ерекшелігі 
айқындалып, оның бойындағы фольклорлық әрі кітаби эпос 
дәстүріне тән белгілер сараланды. 
– 
«Оғыз
-
наме» эпосының нұсқалық ерекшеліктеріне алғаш 
рет назар аударылып, (Париж нұсқасы, Щербак нұсқасы) 
олардың таралу, жиналу, жариялану, аударылу тарихы 
зерделенді. Нәтижесінде Париж қолжазбасының эпостық сипаты 
басым болғандықтан фольклорлық талдау негізіне алынды. 
Алғаш рет отандық және шетелдік ғалымдардың ескерткіш 
жөніндегі ой
-
пікірлері жүйеленіп, нәтижелері мен маңызды 
тұжырымдары, көкейкесті мәселелері айқындалды. Болашақ 
ізденістер бағыты анықталды. 
– 
Оғыз және басқа да кейіпкерлердің образындағы 
фольклорлық сипат тұңғыш рет сараланды. «Оғыз
-
наме» 
ескерткішінің бас кейіпкері Оғыз бен оның маңындағы 
кейіпкерлердің фольклорлық көркемдік жинақтау арқылы 
жасалған тұлғалары сарапталды. Тарихи оқиға, кісі аттарына 
байланысты шежірелік тұтастану, тарихи тұтастану іздері 
айқындалды. 
– 
Түркі халықтарының сан ғасырлық тарихын бойына 
жинақтаған «Оғыз
-
наме» эпосындағы ел тұтастығы мен бірігу 
идеясының маңызды рөл атқарғандығы алғаш рет ғылыми 
тұрғыдан сарапталды. 
Зерттеуші Б.Сарбасов «Оғыз
-
наме» кітаби эпос ескерткіші» 
атты зерттеу жұмысында 
төмендегідей нәтижелі тұжырымдарды
ұсынады:

«Оғыз
-
наме» кітаби эпосының рухани дүниемізден алар 
орны, түркі тілдерінің туысқандық байланысын танытатын 
бірден
-
бір фольклорлық мұра екендігі айқын, ондағы адам 
аттары мен жер
-
су аттарын тарихи оқиғалар мен фактілер 
фольклорлық заңдылықтарға түскен.

«Оғыз
-
намеде» фольклорлық көркемдік жинақтау маңызды 
рөл атқарған. Ол оғыз елінің тарихын тұтастандыру, елді 


37 
біріктіруге ұмтылған батыр 
– 
хан бейнесін жинақтау арқылы 
көрініс тапқан.
– 
«Оғыз
-
наменің» сюжеттік 
– 
композициялық құрылымы 
эпос заңдылығына сәйкес құрылған. Ескерткіштегі фольклорлық 
поэтика: әсірелеу, символ, арнау, киелі сандар рөлі, мақал
-
мәтел 
мен эпитет, теңеулерден айқын танылады. 

Фольклорлық ортақ сюжеттердің қайталануы тұтастай 
алғанда «Оғыз
-
наменің» түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы 
деп тануға негіз болады. Зерттеу нәтижелері түркі 
халықтарының фольклорлық мұраларындағы ортақ сарындарға 
типологиялық салыстыру жасалады. 
– «
Оғыз
-
наменің» хатқа түсіріліп, жазба түрде жетуі ғана 
емес, эпикалық дәстүрден бөлектейтін: соғыс суретінің, батырлар 
жекпе
-
жегінің кең суреттелмеуі, батырға тән тұлпар образының 
сомдалмауы, фольклорлық мотивтердің өте ықшам, қысқа 
хабарлама, баяндау түрінде берілуі т.б. белгілері «кітаби» 
сипатын бекіте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет