58
көрінетін, көрінбейтін тылсым сырлардың құпиясын ашады.
«
Алдымен аң
-
құс аулап ру
-
тайпасын асыраушы, онан кейін
жыртқыш аңмен бетпе
-
бет келіп жұртын құтқарушы, аң аулап
жүріп қалыңдығын кездестіруі, тіпті қаған болып ел билеген
тұста аңшылық
-
саятшылықты аңсауы осының мысалы»,
-
деп
көптің көңілінде жүрген дүниені
дөп басады. Сонымен қатар
Оғыз қағанның прототипі туралы пікірлерді жүйелі келтірген.
Н.Я. Бичурин, А.Н. Бернштам б.д.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген
ғұндардың
алғашқы әміршісі Мөдемен байланыстырса, неміс
ғалымы
И. Маркварт оны Шыңғыс хан дейді, В. Радлов Бұқа
ханмен, түрік зерттеушісі Риза Нур Александр Македонскиймен,
Г.Н. Потанин Жәнібек хан бейнесіне ұқсататынын айтады.
Сондай
-
ақ кейбір ғалымдардың Оғыз қаған образын Тұранның
Афрасиабына, Алып Ер Тоңғаға, Жерұйық іздеген Асан қайғы
бейнесіне ұқсататын пікірлердің де бар екенін айтады. Осыған
қарап
отырып
-
ақ, Оғыз қағанның кім болса да, осал адам
болмағанын бірден байқайсың. «Оғыз» атауын иеленген елдің өзі
іштей бірігу бөліну, қайта бірігу, өзге түркі тектес жұрттармен
тоғысу секілді тарихи жолдардан өткен.
Ал «Оғыз
-
наме»
эпосында бұл құбылыстардың бәрінің де ізі сақталған.
Ескерткіште әрқайсы әр түрлі кезеңді қамтитын Оғыз
тарихындағы бұл өзгерістер тарихи тұтастану арқылы бір
кезеңнің уақиғасы іспетті суреттелген [1
], -
деп, дастанның
фольклорлық сипаты мен тарихи құндылығын одан ары аша
түседі. Демек, «Оғыз
-
наме» VІІІ ғасырдың ортасынан ХІ
ғасырдың
жартысына дейін біртұтас ел болған Оғыз
мемлекетінің тарихы да екенін айтпай
-
ақ түсіндіріп кетеді. Бұл да
болса Оғыз қағанды жырлаған адамның сол елдің тарихына, тіпті
бүкіл түркі тайпаларының тарихына салғырт қарамағанын,
кейінгілер ұмытпасын, үлгі етіп жүрсін деп жазып кеткенінің
айқын дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: