48
болатын
-
қажеттілік пен мүдделілік. Құндылықтар өмір сүру
қажеттігіне орай:
жалпыадамзаттық, әлеуметтік, рухани,
этникалық
болып бөлінеді.
Ресейлік ғалым Н.Д. Никандров «Құндылықтар
–
тәрбие
мақсатының негізі» деген мақаласында «Құндылықтар өмірде
халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады.
Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының өзгеруіне әсер
етеді» деген (Никандров, 1998: 3
-
10) [2]. Шындығында, тәрбие
мен
құндылықтар тағдыры бір
-
бірімен тығыз байланысты.
Сондықтан да халықтың ділі (менталитеті) осы негізде
қалыптасады. Ұлтқа қатысты тәрбиені айтқанда ұлттық
құндылықтарды тілге тиек етеміз. Ал, ұлттық құндылықтар
жөнінде
айтар болсақ, тәрбиемен қорытындылаймыз. Бұл егіз
ұғым тәрізді. Себебі, құндылықтың құнын ұғындыруда тәрбие
құралын айналып өте алмаймыз. Демек, бұл қазақ халқының
ұрпағын тәрбиелеуге негіз болатын ұлттық мәдениеттің тірегі.
Бұл
жөнінде
ұғымның
ғылыми
тұрғыда
ашылған
анықтамаларына да сүйенеміз.
Ұлттық
құндылықтар
–
ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық
мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш,
ұлттық салт
-
дәстүрлер, т.с.с деген мағыналы түсінік беріліп,
біздің жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі
(Яценко, 1999) [3].
Достарыңызбен бөлісу: