«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


Сары  сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері тілімізде тек түсті ғана білдірмейді, «



Pdf көрінісі
бет81/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Сары 
сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері
тілімізде тек түсті ғана білдірмейді,
«
кең», «мол»,
«үлкен»,
деген мағыналарда да қолданылады. Мәселен,
 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «
Сары арқа

кең
жайылым, жазық дала, мол алқап». Тіліміздегі сары уайым
(көп уайым), сары қарын әйел (жасы ұлғайған, орта жастағы
әйел), сары кідір әйел (мосқал жастағы кісі), сары аяз түсті
білдіріп тұрған жоқ, көпшілікті, молдықты меңзеп тұр.
Қырғыз
топонимисі Д.Исаев қырғыз топонимдерінің
құрамында
кездесетін және молдықты, көптілікті білдіретін
сары «сар» сөзі иранның осы мағынадағы осы «сар», 
«сер» сөзінен алынған дейді.
Қазақ
топонимисі Е.Қойшыбаев та Сарыдала, Сарытау, 
Сарыжота, Сарыбел деген атаулардың құрамындағы сары
сөзі
«кең, үлкен»
мағынасын білдіреді деп қарайды. 
Сөйтіп, бұл келтірілген фактілер атаудың құрамынағы
сары сөзі
«кең», «үлкен»
деген мағынаны білдіріп,
Сарыарқа 
топонимі
«Үлкен арқа», «Кең аймақ»
деген ұғымды
білдіретінін дәлелдейді.


169 
Географ Нұғыман Баяндин «Сарыарқа» деп аталатын
мақаласында бұл аймақтың жер көлемін тіпті үлкен деп
суреттейді. Ол мақалада: «Сарыарқаның жер көлемі бүкіл
республика жерінің үштен бірін алып жатыр…. Халықтың
тауып қойған бұл атауының географиялық үлкен мәні бар.
Құлашын
кеңге жайған бір жағымен Оралға, екінші
жағымен Алтайға тіреліп жатқан үлкен территорияның
орта шені жоталанып, дөңестеніп, солтүстікте Батыс Сібір,
оңтүстікте Балқаш
-
Сібір,оңтүстікте Балқаш
-
Алакөл ойпаты 
на қарай бірте 
– 
бірте аласара береді» 
-
 
деп жазады.
Сарыарқа аймағының распублика жерінің үштен бірін алып
жатқанына біздің ешбір
шүбәміз жоқ.
Біз шартты түрде Орталық Қазақстан деп атап отырған
осы ұланғайыр Сарыарқа аймағындағы топонимдердің шығу
(қойылуы) мен дамуы тарихын зерттеу
-
Қазақстан
топонимикасының өзекті мәселелерінің бірі. Бұл
проблеманы іздестіруде негізінен үш дерекке сүйінуге
болады: бірінші, археологиялық қазбалар, екіншіден, көне
жазу ескерткіштеріндегі мағлұматтар, үшіншіден, ежелден
осы күнге дейін қойылып келе жатқан сол атаулар. 
Ә.Х.Марғұлан Сарыарқадағы кейбір топонимикалық
атаулар мен географиялық терминдерге талдау жасап, оларды
қыпшақтардың
отырықшы немесе жартылай отырықшы
тұрмысымен орынды байланыстырады [3,15 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет