«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет84/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары


 
МАҚАЛ
-
МӘТЕЛ 
– 
ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
 
 
Баекенова Назипа Сергазиновна
ШҚО, Самар ауданы,
«
Абай атындағы орта мектебі» КММ
көркем еңбек пәнінің мұғалімі 
 
Аңдатпа
. Фольклор жанры ішінде халық арасына ең көп 
тарағаны және ұзақ өмір сүретіні де осы мақал
-
мәтелдер. Мақал
-
мәтелдер бір дәуірдің жемісі ғана емес, олар халықтың 
тарихымен тығыз байланыста. Мақал
-
мәтелдер 
– 
халықтың 
ғасырлар
бойы атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан 
асыл қазынасы.
Кіріспе.
Мақал
-
мәтел қай халықтың болсын ауыз 
әдебиетіндегі
көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға 
жатады. Мақал
-
мәтелдер халықпен бірге жасайды. Біреулері 
ескіріп, қолданудан шығып, екіншілері жаңарып, туындап 
жатады. Мақал мен мәтелді де әуелде жеке адамдар шығарды. 
Оны біреуден біреу естіп, айтып таратады, өңделеді, өзгертіледі, 
сөйтіп, халықтық мұраға айналады. Демек, мақал
-
мәтелді де 
белгілі бір халықтың өмірде көрген
-
білгені, жасаған 
қорытындысы, ақыл
-
ойы деуге болады.


173 
Қазақ
– 
сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан 
тастамай, данышпандығын өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, 
терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз 
зергерлерінің аузынан шыққанды үздіксіз үлгі етіп, ұрпақ 
тәрбиесіне парықтап пайдалану дәстүрге айналған. Әсіресе 
қариялар
мақалдап, маңызды сөйлеуді борышым деп санайды, 
онсыз қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.
Отбасында ата
-
аналар бала тәрбиесіне лайықтап: «Ана тілін 
алмасаң, арың кетеді», «Әке 
– 
тірегің, ана 
– 
жүрегің», «Сабыр 
түбі 
– 
сары алтын», «Еріншектің ертеңі таусылмайды» т.б. 
мақалдарды жиі айтады. 
Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтылатын 
ақыл
-
насихат, өнеге, өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді 
болуы керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, 
ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре 
алу қабілетін дамыту үшін, ата
-
ананың мақалдап сөйлеуінің 
маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет