198
айналды. Ал, қарапайым адамдар қалыпты жағдайда дүниеге
келеді. Египет патшалары өздерін күннің құдайы Раның
тұқымымыз деп санайды. Осындай сенім Үнді патшалары мен
ханзадалары және Қытай императорларында да бар»,
–
деп
жазған
[3,207-208].
Түркі халықтары фольклорындағы космогониялық мифтердің
мәні орасан зор. Фольклортанушы ғалым В.Я.Пропп «Фольклор
и действительность» атты еңбегінде бүкіл дүниежүзі
фольклорының ең көне жанрларында пайда болған ғажайып туу
мотивінің пайда болу принциптерін ертегі наным
-
сенімдермен,
культтік,
рәсімдік
мәселелермен
тығыз
байланысты
қарастырады. Бұл мотивтің фольклорлық шығармалар сюжетін
толықтырушы көркемдік тәсілге айналғанға дейінгі даму
тарихын қалпына келтірді.Түркі халықтарының фольклорында
осындай Ай мен Күн әсерінен дүниеге келуін баяндайтын
сөздеріне орайлас тұрақты дәстүрдің қалыптасуы тегін емес. Ол
түркілердің ең көне дүниетанымына, яғни, олардың көне наным
-
сенімдеріне Ай мен Күн культінің маңызды рөл атқарғандығын,
әрі
сенім көріністері халықтың эстетикалық қалыпты нормасына
айналғанын байқатады.
С.П.Толстов зерттеулеріндегі пайымдауларға қарағанда түркі
тайпаларында Ай мен Күн тотемдеріне табынушылық ұзақ
уақыттар сақталып келген. Сол себепті түрікмен тайпаларының
шығу тегі баяндалатын шежірелерде түрікмендердің Ерсары,
Шах, Теке тайпаларында «Айтолды», «Күнтолды» ру тайпалары
кездесетіні сөз болады [4,7]. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу
білік» дастанындағы басты кейіпкерлердің есімдері де Айтолды
және Күнтолды болуы бұл дәстүрдің түркі фольклорында мықтап
орныққанын аңдатады. Талдалып отырған «Оғыз
-
наме»
ескерткішінде Оғыз қағанның өзі ғана емес оның үйленуі, Ай,
Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууында
космогониялық мифтердің мәні көркемдік рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: