«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет100/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Түркі ескерткіштеріндегі космогониялық 
мифтердің көрінісі. Кейінгі замандарда, миф ертегіге айналғанда 
осы үш әлем ертегі кейіпкерінің шарлайтын мекеніне айналады. 
Бұл үш әлем шамандар дінінде де сақталған. Қазақтың көне 
мифінде болуға тиісті ілкі ата
-
демиург бейнесі Тәңір образымен 
алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған. Яғни, 


199 
Тәңір 
– 
ең жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым мен 
тіршіліктің иесі. Аспанды да, ондағы жұлдыздарды да, адамды 
да, жер бетіндегі нәрселердің бәрін де жаратушы Тәңір
деп 
саналған. Міне, мұның бәрі көне мифтік ілкі ата 
– 
демиургтың, 
жасампаз қаһарманның атқаратын істері. Қазақтың көне мифінде 
ілкі ата 
– 
демиург образының толық және айқын сақталмау 
себебі, осында деп білуіміз керек. 
С.А. Қасқабасов пікіріне сүйенсек, «Оғыз
-
наме» эпосындағы 
тәңірлік сенімнің негізгі сюжеттік өзегі болғанын байқау қиын 
емес. Оның дүниеге келуі ғана емес, жар таңдап сүюінде де 
Тәңірлік сипат басым. Ғашық болған жары да тылсыммен тығыз 
байланысты екендігіне мәтін арқылы көз жеткізуге болады. 
Оғыз
-
намеде күндердің бір күні Оғыз қаған бір жерде Тәңірге 
жалбарынып отыр еді. Көктен бір жарық (сәуле) түсті. Оғыз қаған 
(көк жарыққа қарай) жүрді, көрді. Көрсе, әлгі жарықтың 
арасында бір қыз бар екен, жалғыз отыр екен. Артықша көрікті 
бір қыз екен. Ол қыздың маңдайында оттай сәуле шашқан бір 
меңі бар екен. Алтынқазықтай екен. Яғни, қыздың 
жаратылысында адамзаттан бөлек тылсымдық қасиет бар. Осы 
қыз
сондай көрікті еді: күлсе Көк Тәңірінің (өзі) күлетіндей, 
жыласа Көк Тәңірінің (өзі) жылайтындай еді. [5,56]. 
Сондай
-
ақ, түркі тілдес халықтар мифіндегі Тәңірлік сенімнің 
ерекшеліктері жайлы ерлі

зайыпты баба
-
құдайлардың ең көне 
универсалды тараған түрі аспан
-
әке мен жер
-
ана. Бұл образдарда, 
бір жағынан, рулардың бабалары болып саналатын ілкі 
адамдардың космостанғанын, ал екінші жағынан, неке мен 
отбасы қатынастарының табиғат дүниелеріне көшірілгенін 
көруге болады, 
– 
дейтін пікірін шындығында, бүкіл түркі 
жұртында Тәңір 
– 
көктегі ер рөлінде, ал Ұмай 
– 
жер
-
ана болып 
қабылданады
[6,73]. Сонда, жоғарыда Е.М. Мелетинский 
айтқандай, қазақта да аспан
– 
әке, жер 
– 
ана ретінде (Тәңір 
– 
Ұмай 
түрінде) алғашқы ерлі 
– 
зайыпты құдайлар болып саналған деуге 
әбден
болады, 
– 
деп тереңдей қарастырған С.А. Қасқабасов 
пікірлерінің дәйегін осы ескерткіштен анық көруге болады.
Себебі, Оғыз
-
наме ескерткішінде тек Ай мен Күн, Жұлдыз 
секілді аспан денелеріне қатысты ұғымдар ғана емес, Көк, Тау, 
Теңіз ұғымдары да басты мән иеленеді. Оғыз қағанның екінші рет 
үйленіп, ол әйелінен тағы үш ұлдан дүниеге келуі, төмендегідей 


200 
баяндалады: Бір күндері Оғыз қаған тағы да аңға кетті. (Аңда 
жүрсе) бір көлдің ортасынан бір ағаш көрді. Бұл ағаштың 
қуысында
бір қыз жалғыз отыр екен. Артықша көрікті бір қыз 
екен. Ол қыздың көзі көктен де көгірек, шашы теңіз 
толқынындай, тісі інжудей екен. Осы қыз сондай көрікті еді: жер 
басқан ел
-
жұрт оны көрсе: 
– 
Ай, ай! Ах, ах! Өлерміз! 
– 
деп сүттен 
қымыз
болатындай еді. Оғыз қағанның оны көргенде ынтығы 
кетті, жүрегіне от түсті.Оны сүйді, алды. Бірге жатты. Тілегі 
қабыл
болды. Сол қыз жүкті болды. Күннен күн өтіп, түннен түн 
өтіп
үш ер бала туды. Біріншісіне «Көк» деп ат қойды, екіншісіне 
«Тау» деп ат қойды, үшіншісіне «Теңіз» деп ат қойды [5,56]. 
Оғыз қағанның аң аулап жүріп тапқан теңдесі жоқ сұлуды 
көргені, қызға ғашық болып, оған да үйленгені, одан үш ұл бала 
туылғаны, есімдерін «Көк» (Аспан), «Тау» және «Теңіз» деп 
қойғаны
тартымды етіп баяндалады. Осындағы Көк 
– 
Тәңірлік 
сенімнің негізі. Шаманизмнің негізін құрайтын тотемдік жҽне 
анимистік түсініктердің көк түріктерге дейін жан
-
жақты 
таралғанын ешкім де жоққа шығармайды. Ал тәңірліктің көне 
түрік дәуірінде тұтас жүйеге түсіп, дін дәрежесіне көтерілгенін 
дәлелдеуші ғылымдардың бірі Л.П. Потапов. Бұл дәуір біздің 
заманымыздың VІ
-
ХІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Түрік 
қағанаты
(551-
744 жылдар) мен ұйғыр қағанатының (745
-840 
жылдар) этникалық ядросын құраған түрік тайпаларының Тәңірі, 
Ұмай, Жер, Су аталатын құдайлары қазіргі көптеген түркі 
халықтарында сақталуы кездейсоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет