«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет102/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

 
ШЕЖІРЕ ТУРАЛЫ ШЕРТІЛМЕГЕН СЫР
 
 
Серікбек Нұрғызар 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің 2-курс докторанты 
Сарбасов Болатхан Серғазыұлы 
ф.ғ.к., профессор м.а.  
Алматы қаласы 

Аңдатпа.
Қатпары қалың, қойнауы күрделі тарихи шежірелер 
– 
қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. 
Тағылымы биік тарихымыз бен әдебиетіміздің қайнар көзі болған 
шежірелердің ашылмаған сырлары жетерлік. Әлі де зерттеуді 
қажет
ететін күрделі тақырып. Қаймағы бұзылмаған қазақ елінің 
тамыры тереңде жатқан тарихи шежірелерден бастау алады. Бұл 
мақалада ежелгі әдебиеттің соны тақырыптарының бірі ретінде


202 
шежірелерге ғылыми тұрғыдан талдау жасалып, шежірелерді жас 
жеткіншектер мен өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде оқулық 
беттеріне кіргізудің маңызы айқындалады.
Кіріспе. 
Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шежірелердің зерттелуі. 
Тарлан тарихымыздың тамыры тереңде жатқан қазақ сынды 
қайсар
елміз. Еліміз егемендік алып төл әдебиетіміз бен 
мәдениетіміз төрімізге қайта шықты. Іргелі ел болып, есімізді 
жинап тарихымызға зер сала бастадық. Кешегі ұлы бабаларымыз 
ұлты
үшін жанын қиып, жар құлағы жастыққа тимей, елі мен 
жерін қорғау жолында зор еңбек сіңіргені баршамызға айдан 
анық. ежелгі әдебиетіміз туралы сөз қозғағанда шежіре туралы 
сыр шертпесек азаматтығымызға сын болар. Қазақ қазақ болып 
қалыптасқалы
түбі бір түркі халықтарының шежіресімен біте 
қайнасып
жатырмыз. 
Осы тұста айта кетерлік бір жайт, «Мәдени мұра» 
бағдарламасы шеңберінде жүз томдық «Бабалар сөзі» 
сериясының ғылыми басылымын баса айтуға болады. Оның 
ішінде 32
-
томы «шежірелік дастандарға» арналса, 81
-
томы мен 
82-
томы «шежірелік жыр
-
аңыздар» туралы, ал 83
-
томына келер 
болсақ «шежірелік аңыздарға» арналған. Ал шежірелік аңыздар 
деп нені айтуға болады? Бұл турасында «Бабалар сөзі» 
сериясында «Шежірелік аңыздар 
– 
бүгінде іргелі ел, мемлекет 
құраушы
қазақ ұлтының бүкіл қалыптасу тарихын көркем 
бейнелі түсіндіретін көне заманнан бергі түркі, оғыз, моғол, 
ноғай тайпаларының және оларды халық ретінде біріктіруші ұлы 
тұлғалары: Оғыз хан, Шыңғыс хан, Алаша хан мен халықтың 
атауы «Қазақ» деп, ал оның жалпы халықтық ұраны «Алаш» деп 
аталуының, олардың «үш жүз» болып бөлінуінің, белгілі бір 
тайпаның, рудың, оның ішінде ру аталығының аталуы, қысқаша 
айтқанда, қазақтың халық болып қалыптасуы туралы 
баяндалатын аңыз
-
әңгімелер» деп дәйек келтірілген [1,5
-
6]. Яғни, 
шежірелік аңыздар 

біздің түп тамырымыз. Онсыз біздің 
болашағымыз 
бұлыңғыр. 
Өткенімізді 
ұлықтамайынша, 
келешегіміздің кемелденуі неғайбыл. Шежіресіз айтылған сөз де, 
сөйлем де құмға құйған сумен тең болары анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет