Адам физиологиясы


Тыныстың мину гіык көлемі



Pdf көрінісі
бет183/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Тыныстың мину гіык көлемі
Бір минуг ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі 
тыныстык,
минуттық көлемі
(ТМК) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп 
түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің 
аракатынасына яғни зат алмасу қаркынына байланысты.
ТМК әдетте орта есеппен 6-9 л болса, ал ауыр, кара жұмыс істеген 
адамда 100-120 л-ге жетеді, тіпті одан да асады. ТМК қалыпты жағдайда 
шыгарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшысынан откізу арқылы 
өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін минуттық тыныс 
жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады (ТМК-ҚТАхМТЖ). МТЖ 
ересек адамда 14-20. ТМК осы аталган екі көрсеткіш мөлшсріне карай өзгеріп 
отырады. ТМК окпенің желдетіліс мөлшерін, өкпе желдетілісін корсетеді. 
Бірак өкиенің жалны желдетіліс мөлшеріне альвеолалық желдетіліс мөлшері 
тен болмайды (кем келеді), ойткені өкпе көпіршігіне сырттан келген ауаның 
те£ 70%-ы гана енеді, калганы "өлі" кеністіктің жегідетілісін көрсетеді. 
Альвеолалық желдетіліс өкпедегі ауаның минут сайын жаңарып отыру 
мөлшерінің, өкпедегі газ алмасу карқынының көрсеткіші. Қалыпты тыныс алу 
кезінде альвеолалық желдетіліс біркелкі болады. Мысалы, "өлі" кеңістік 
ауасы 150 мл, ал минуттык тыныс 16 болса, "өлі" кеңістіктің желдетілісі 
(ӨКЖ) 150x16=2400 мл тең. Ал ӨЖЖ (өкпенің жалпы желдетілісі) 8000 мл 
делік, онда альвеолалык желдетілісі бұдан 
"өлі"
кеңістіктің желдетіліс 
мөлшеріндей кем болады, яғни 8000 мл -2400 мл = 5600 мл-ге тең.
Егер тыныс жиілігі екі есе өссе, онда альвеолалык желдетіліс төмендейді. 
Мысалы, "өлі" кеңістіктің желдетілісі - 150 (ӨКА) X 32 (МТЖ) = 4800 мл 
болса, альвеолалык желдетіліс - 8000 - 4800 = 3200 мл болады, ягни ол көп 
төмендейді. Сонымен "өлі" кеңістіктің желдетіліс мөлшерінің өкпеде өтетін 
газ алмасуына эсері зор.
"Ө лі" кеңістік. Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмасу үрдісіне катыс- 
пайды, сондыктан бұл жол "өлі" кеңістік деп, ал ондағы ауа "өлі" кеңістік 
ауасы деп аталады. Өлі кеңістік көлемін анықтау үшін өлген адамның ауа 
жолын сүйық гипске толтырады да гипс катқан соң оны басқа бір ыдыстағы 
суга салады, сөйтіп ыгысқан су көлемі аркылы өлі кеңістік өлшенеді. Ол орта 
есеппен 140-150 мл. "Өлі" кеңістік көлемі ауа жолы қүрылысының 
ерекшеліктеріне байланысты жэне тыныс ағзаларының қызмет ету қабілетіне 
қарай ол ұдайы өзгеріп отырады. Сондықтан "өлі" кеңістік анатомиялық жэне 
физиологиялық болып екіге бөлінеді.


Анатомиялык "өлі" кеңістістің аумагы кан тамырларымен камтамасыз 
етілмеген немесе ауасы алмаспаған альвеолалардың санына байланысты (44- 
сурет).
Физиологиялық "өлі" кеңістік альвеолалык желдетіліс мөлшері жоне 
өкпедегі қанның көлемдік жылдамдығына байланысты.
Альвеолалық желдетіліс (VA) деңгейі мен кан айналысының кіші 
шеңбері арқылы өтетін қан көлемінің (Q) ұдайы өзгеріп отыруына 
байланысты физиолоиялык өлі кеңістік кеңейіп, бірде тартылыи отырады. 
Бұл тәуелділікті альвеолалық желдетіліс (VA) көрсеткішін қан аналу 
жылдамдығы көрсеткішіне болу арқылы (VA:Q) анықтауға болады.
Қалыпты демалу үрдісі аяқталған сәтте физиологиялық «өлі» ксңістік 
VA:Q = -0,8-ге жақындайды. Бұл альвеолалық желдетіліс көрсеткішінің 
канайналымының кіші шеңбері арқылы бір минутте өтетін кан көлемінен 
едәуір төмен екенін, яғни «өлі» кеңістіктің ұлғайғанын көрсетеді. Нгер QA : Q 

1-ден жоғары болса, альвеолалық желдетіліс қан перфузиясынан 
(айналысынан) көп жоғары, яғни окпеде газ алмасуы деңгейінің төмен екенін, 
басқаша айтқанда "өлі" кеңістік аумағынын кеңейгенін көрсетеді.
Желдетіліс пен кан ағысы (перфузия ) өкпепің эр жерінде эртүрлі, кейбір 
альвеолаларда кан агысы томен не мүлде жоқ. Керісінше кан ағысы 
здеттегідей болса да желденбейтін бейтін альвеолалар болады (44-сурет). 
сонымен "өлі" кеңістік аумағының үлғаюы газ алмасуының төмендегенін 
көрсетеді, оның кеңеюі альвеолалық желдетіліс пен альвеола қабырғасындағы 
көлемдік қан аййалу жылдамдығына байланысты, сондықтан да бұларғй эсер 
ететін эртүрлі себептер «өлі» кеністік көлемін өзгерте алады. Мысалы бронх 
еттері жиырылса, альвеолалар кабынса ауаның өкпеге өтуіне кедергі туады, 
сөйтіп «өлі» кеңістік кеңейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет