Анатомиялык "өлі" кеңістіктің мынадай биологиялык маңызы бар.
1. Ауа жолыпың ішкі жағын астарлаған шырышты кабык ұдайы
дымқыланып түратын болғандықтан екпеге өтіп бара жатқан ауа да дымқыл
болады жэне тыныс долы қүрғап кетпей, ұдайы дымқыл күйіндс сақталады.
2. «Өлі» кеңістік ауага ілесіп келген шаң-тозаңды, ондагы микробтарды
одан эрі өткізбейді, сөйтіп өкпені, демек бүкіл адам денесін індеттен
қорғайды. Ауадағы ұсак заттар шырышты қабықтың бетіне қонады да, осы
арадағы кірпікше эпителийдің қимылымен сыртқа қарай ығыстырылады. Егер
жиналып, топталып калса, жотелу, түшкіру, рефлекстері туады да сыртқа
шыгарылады.
3.
"Өлі" кеңістік альвсоланы ыстық суықтан сақтайды, ауа жолындағы
шырышты қабықтың қан тамырлары кеңейсе суык ауа жылынады, ал тарылса
ыстық ауа суиды. Сөйтіп өкпеге кіретін ауаның қызуы ұдайы біркалыпты
үсталады.
Өкпе мен тіндегі газ алмасу
Дем алғанда окпеге кіретін атмосфералык ауа мен деммен бірге шығатын
- немесе альвеолалық ауаның құрамындағы эр газдың мөлшерін жеке
салыстырып окпс альвеоласындагы газдар мен қан қүрамындағы газдардың
өту багытын байкауға болады.
Негізгі газдар атмосферада, оның жеке кабаттарында үдайы бір
мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа окпеге енеді, ал
өкпедегі альвеолалык ауамен дем шығарғанда шыгатын ауада оттегі мен
көмір қышкыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады: оттегі азайып, көмір
қышқыл газ көбейді (9-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: