2)
Қауіпсіздік кеңесі
(
5 тұрақты мүшесі – Ресей, АҚШ,
Қытай, Франция, Ұлыбритания және 10 ауыспалы мүшесі бар)
,
3)
Салалық құрылымдар: Экономикалық Кеңес, Ауыл
шаруашылық ассоцияциясы (ФАО), Мәдениет, білім және ғылым
саласына жауапты орган (ЮНЕСКО), Халықаралық сот,
Халықаралық қамқорлық жөніндегі кеңес және секретариат т.б.
органдар
. БҰҰ-ң ресми жұмыс тілдері қытай, ағылшын, француз,
орыс, неміс, испан тілдері болып табылады.
Аймақ аралық деңгей
. Бұның қатарына әр түрлі аймақтарда
орналасса да бір ұйымға мүше мемлекеттер кіреді. Мысалы, мына
ұйымдарды айтуға болады:
1)
NATO (North Atlantic Treaty Organisation)
1949 жылы 4
сәуірде Вашингтонда құрылған Солтүстік атлантикалық келісім
ұйымы. Ұйымның мақсаты - демократияға, тұлға еркіндігіне және
заңдылық принциптеріне негізделген ортақ қоғам мен өркениет
мұраларын қорғау. Оған басты мүше мемлекеттер – АҚШ, Батыс
Еуропаның бірқатар мемлекеттері.
2)
Варшава Шарты Ұйымы.
Бұл
ұйым кезінде NATO-ға
қарсы тұру үшін құрылып,
социалистік мемлекеттерді
біріктіретін, социалистік құрылысты
қорғауға бағытталған одақ
болатын. ХХ ғ-ң 90-жыл-ы болған өзгерістерден соң тарап кетті;
3)
Бейтараптық қозғалысы.
Аталмыш
ұйым ХХ ғасырдың
екінші жартысында әлем NATO
мен Варшава Шарты ұйымына
бөлініп,
«қырғи-қабақ»
соғыс
жағдайында,
олардың
ешқайсысына да қосылмау үшін құрылған, Азия, Африка, Латын
Америкасының бірқатар
елдерін біріктіретін ұйым;
Достарыңызбен бөлісу: