35
Мәдениет белгiлi бiр халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы. Дүниеге көзқарасының
философиядан бұрынғы әлеуметтiк тарихи типтерiне
мифологиялық дiн жатады. Мифология адамзаттың рухани
мәдениетiнiң ең көне формасы.
2. Дін мәдениеттің сакралдық түрі. Дін – қоғамдық
құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін, латын тілінен
«религия» - «байлау», «екінші қайта оралу» мағынасын
білдіреді. Діни наным – сенімдердің ежелгі түрлері: анимизм,
тотемизм, фетишизм және магия. Діннің қоғамдық өмірдің
мәдени салаларына әсері өнерде, салтта, рәсімде байқалады.
Бiлiмнiң бастамасы дiни сенiмнiң бастамасы, онда өнер мен
адамгершiлiк қатынастар бейнеленедi. Мифологиядан қалған
сұрақтар ендi дiни және философиялық сұрақтарына айналды.
Мифология қойып кеткен бұл дүниеге көзқарастар туралы
сұрақтарға жауап iздеудiң барысында дiн мен философияның
жолы екi айырылды.
Дiн – адамдардың бiрлестiгiн және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Дiннiң мазмұны
әлеуметтiк мәнi бар негiзгi құндылықтарды қасиеттi деп
танудан тұрады. Дiн адам жан дүниесiнiң талпыныстарын
және арман мақсаттарынан тоғыс нүктесi бейнесiнде адам
Достарыңызбен бөлісу: