өмiрiнiң толыққандылығын танытатын категория ретiнде
де қарастырылады. Қазіргі қоғамдағы діннің қызметі –
мәдени-әлеуметтік
жүйенің
бірлігін
сақтау
болып
табылады.
Дiн деп адамдардың қасиеттi байланысты iздеу және табу
барысында қол жеткiзетiн бiрлестiгiнiң тұрақтылығын
қамтамасыз ететiн методологиялық механизмдi атайды.
Дамыған дiндердiң ортақ мүддесi - қақтығыссыз кикiлжiңсiз
өмiр сүру.
Дiни бiрлестiк бұл жерде қауым арасында үйлесiмдi тiршiлiк
етудi көздейтiн және бейбiт таным өмiр сүрудің кепiлдiгi
бола алатын дәрежеде көрсетiлген. «Дiн - бейбiт өмiрдiң
36
субстанциясы», дiн арқылы көпшiлiк арасында кең танымал
бейбiтсүйгiштiк идеясы тарайды.
Дiн - елдiң бәрiне көпшiлiкке түсiнiктi түрде адамзат
тарихының мәнi мен ерекешлiгi туралы сұрақ қояды, адамның
идеясын алға тартады, адамгершiлiктi тұлға ар-ождан, ұят
туралы көзқарастарды қалыптастырады.
Дiн әрбiр жеке тұлғаның өзiндiк iсi деп жариялаған
азаматтың қоғамда да тұлғалардың саяси әлеуметтiк өмiрiне
тигiзетiн ықпалын жоғалтқысы келмейдi, тiптi бiр дiннiң өзi
әртүрлi саяси бағыттарға қолдау бере алады. Дiн қызметi
қазiргi күшi де таусылар емес. Миллиондаған мұсылмандар
Меккеге қажылыққа аттанады, ал христиандарды Рим
папасының уағыздары өз аудиториясына жинайды. Адам
қоршаған ортаны түсіне отырып, ол өзі өзгертуге күші
жетпейтін реттелген әлемдік тәртіп қоршап тұрғанын
түсінеді. Сенім – адам табиғатының әмбебабтық қасиеті, ол
әлем туралы ұжымдық түсінік пен өзіңді түсіну. Дін
өркениетаралық қатынастарды реттеу тетігі (С.Хантингтон),
бірақ
діни
конфессиялар
арасындағы
қайшылықтар
болашақта өркениеттер арасындағы қақтығыстарға алып
келеді деген көзқарастар да қалыптасқан. Дегенмен, әлем
ашық, толеранттылықты дамытып келеді.
3. «Әдептілік», «мораль», «этика» ұғымдары.
Өнегелілік-мәдениеттің айқындаушы негізі. Өнегеліліктің
қалыптасуы мәдениет дамуының басты мәселесі ретінде.
Мораль – әдет-ғұрыптар, нормалар, мінез-құлықтар –
адамның тұрмыстағы, қоғамдағы әрекеттерін дағдылар
арқылы нормативті реттеуі, құқығы. «Этос» – әдет-ғұрып,
мінез, мінез-құлықтардың физиогномикасы мен түрлері,
менталитет(діл). Мораль – әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтар –
адамның тұрмыстағы, қоғамдағы әрекеттерін дағдылар
арқылы нормативті реттеуі және құқығы. Мораль құқық
ұғымымен тығыз байланысты. Бүтін жүйе ретінде мінез-
құлық мәдениеті құрылымының элементтеріне:
этикалық
ойлау мәдениеті, сезім мәденниеті, мінез-құлық мәдениеті,
37
іс-әрекет жатады.
Этикет – мінез-құлық мәнерін реттейтін
тәсіл.
Адамгершілік табиғаты әлеуметтік әрқашан қоғамдық
қатынаспен ұштасатын нақты тарихи негізге ие болады.
Мінез-құлық мәдениеті адамның қоршаған әлемді тануы,
оны игеруі. Мәдениеттегі мінез-құлықтың нормативті және
тәжірибелі іс-әрекеттерінің бірігуі. Этикет – мінез-құлық
мәнерін реттейтін түр. Адамгершілік ұғымы ежелгі Шығыс
өркениетіндегі «Алтын ереже», грек мәдениетіндегі гуманизм
идеяларынан бастау алады. Адамсүйгіштік идея әлемдік
діндердің Буддизм, христиан діні, исламда да өз орнын
тапқан.
4. Әлеуметтік- мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық.
Құқық пен мораль. Мәдениет саласында саясаттың алатын
орны. «Саяси мәдениет» пен «мәдени саясат» ұғымдары.
Қазақстандағы мәдени
саясаттың өзіндік ерекшеліктері. Ғылым-әлеуметтік –
6 сурет
саяси институт ретінде. Құқықтық мәдениет – құқықтық сана
деңгейін, заңдылықты, заңгерлік тәжірибе және заң
шығарудағы жетістіктерді, сонымен қатар құқық саласындағы
адам әрекеті арқылы жасалған құндылықтар жүйесін атаймыз
(6 сурет).
Құқықтық мәдениет
Құқықтық мәдениет құқықытық сана
деңгейін, заңдылықты, заңгерлік
тәжірибе және заң шығарудағы
жетістіктері, сонымен қатар құқық
саласындағы адам әрекеті арқылы жасалған
құндылықтар.
38
Қоғамның саяси мәдениеті - әлеуметтік топтардың
рухани
деңгейінің
көрсеткіші.
Нақты
әлеуметтік
қауымдастықтың тарихи дамуының ерекшеліктері мен
мүдделерін, қоғамдағы орнын бейнелейді ( сурет 7).
Саяси мәдениет
Қоғамның саяси мәдениеті –
Әлеуметтік топтардың рухани деңгейінің
Көрсеткіші. Нақты әлеуметтік
қауымдастықтың тарихи дамуының
ерекшеліктері мен мүдделерін,
Қоғамдағы орнын бейнелейді.
Сурет 7
Халықаралық қатынастар мәдениеті – мемлекеттер,
ұлттар және халықтар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
Оның негізі мемлекеттердің тәуелсіздігін, бейбіт қатар өмір
сүруі принциптерін, жалпыадамзаттық құндылықтардың
приоритеттерін
құрмет
тұту
және
мойындау.
Бұл
қатынастардың қайнар көзі – гуманизм, өзара құрмет,
этникалық ерекшеліктерге, діни сенімдерге құрмет көрсету
мен толеранттылық сезімдері құрайды (сурет 8).
Ғылым табиғат және қоғам құбылыстары мен процестерi
жайындағы теория түрiнде бiр жүйеге келтiрiлген бiлiмдер.
Бiрақ ғылым дегенiмiз тәжiрибеден тексерiлген теорияның
бiлiм ғана емес, ол сонымен қатар, жаңа бiлiмдер алуға
бағытталған қызметтi де, эксперимент жүргiзу базасын,
түрлiше прибор, аспаптар сияқты таным құралдарын да
қамтиды. Ғылымның ерекшелiгi оның пәнiмен анықталады.
39
Халықаралық қатынастар мәдениеті
Мемлекеттер, ұлттар және халықтар арасындағы
қарым - қатынас мәдениеті. Оның негізі мемлекеттердің
Тәуелсіздігін, бейбіт қатар өмір сүру принциптерін,
жалпыадамзаттық құндылықтардың приоритеттерін
мойындау. Жеке тұлғалық қатынас деңгейінде ұлтаралық
қатынас мәдениеті көрініс табады. Бұл қатынастың негізін
Гуманизм, өзара құрмет, этникалық ерекшеліктерге
Сабырлылық, толеранттылық сезімдері құрайды.
8 сурет
Адамды қоршаған сыртқы дүние табиғатпен қоғамның,
сондай-ақ ойлаудың да объективтiк заңдары бар. Ғылымның
мiндетi мiне осы заңдарды танып бiлу.Ғылымның
дамуындағы салыстырмалы дербестiк оның өндiрiске
тигiзетiн керi әсерiнен ерекше айқын көрiнедi. Ғылым
қоғамдық өндiрiстiң дамуында қуатты күш болып табылады,
Өйткенi ғылымның күшi, адамның ақиқатты танып бiлудегi
күш-қуаты практикада ғана айқын көрiнедi.
Мәдениеттiң дамуына көптеген жағдайлар әсер етедi.
Миф, дiн, өнер, ғылымның барлығы адам санасының дамуына
зор үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |