2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

Дәрісті өткізу формасы
: мәселелік. 
Терминдер:
зар-заман, қазақ ағартушылығы, мәдени 
құрылыс. 
 
1.Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі
қазақтың дәстүрлі дүниетанымының дағадарысқа ұшырауына 
алып келді. Қазақтың ақын, жыраулары ұлттық дүниетанымы 
мен төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз 
болды.
Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465-1560ж.ж.) 
шығармашылығы арқылы қазақ бірлігін, адам мен қоғам,
атақоныс туралы ойлары кейінгі ұрпақтың өз туған жерін
сүюге, оны жаулардан қорғауға, атақонысын сақтап қалуға 
ұрпақ тәрбиеленді.
Ресей империясының қазақтың шұрайлы жерлерін өз 
қарамағына қоса бастауы бірінші осы ойы озық жыраулар 
шығармашылығында орын алған. Бұқар жырау Қалқаманұлы 
(1668-1781ж.ж.) өз жырларында патша үкіметінің отарлау 
саясатының неге әкеліп соғатынын болжады.
Ол қазақ руларының өзара қырқысуын сынап, ел 
қорғауға, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға шақырды.
«Арғымақтың жалы жоқ, Жабылар жалыменен теңелер; 
Жақсылардың малы жоқ, Жамандар малыменен теңелер», - 
деген.
Зар-заман ақындары: Шортанбай Қанайұлы, Дулат 
Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы – М.Әуезовтың жазғанындай 
орыс отарлауын күңірене жырлаған, 
өз заманын зар-заманға 


152 
теңеген
тұлғалар болды. Ресей империясының қазақ 
жерлерін талан-таражға салуы халықты сары уайымға 
салдырып, болашағынан күдер үздірді. Мұрат ақын: 
Мен заманнан қорқып барамын, 
Кейінгі өскен жас бала, 
Кіріптарда қалар деп; 
Күндердің күні
Обалы маған болар - деп жырлаған. 
Осы орайда М.Әуезовтың «Сыртқы өмірдің осы сияқты 
себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі 
жабығып, сөзінен, өлеңінен, әнінен, еркелігінен арыла бастап, 
оның орнына, арман, зар-тер, қайғы басқан»- деп жазды.
С.Мұқанов: «Еуразия даласын жаулап алған славяндық 
мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын ноқталап қоюға 
тырысты. Ресей империясы өз қарауындағы халықтарды ақ 
патшаға берілгендік идеясында тәрбиелеу мақсатында әр 
түрлі миссионерлік тәсілдерді шебер қолдана білді. 
Ағылшындардың бай мәдени мұрасы бар үнділерді 
шырмағаны сияқты орыстар Орталық Азия мен Қазақстанды 
отарлау және 
ассимилициялау 
полигоны 
бейнесінде 
қарастырды» - деп жазды.
Орыстандыру сасаты ұлттық дәстүрлі дүниетанымға 
зардаптарын тигізді. Шортанбай ақын: «Мынау ақыр заманда, 
алуан-алуан жан шықты; Адам, араз хан шықты, Сауып ішер 
сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты» - 
деп жырлай отырып, «Мұның өзі зар-заман, Зарлығының 
белгісі, Ұлы сыйламас атасын. Арам сідік болған соң, Атасы 
бермес батасын. Қызың киді биқасап, Тергеп кимей 
байқастап, Кешкі тұрым болғанда, Үйге тұрмас ойқастап...» - 
деп, қазақ жастарының мәдениеттен жұрдай болып, өзге елдің 
жетегінде кеткеніне ашынады. 
Ол: «Билер пара жейді екен, Сақтап қойған сүріндей. 
Заманның түрі бұзылды, текеметтің түріндей», - деп кейіс 
білдіреді. Мұрат ақын: «Тәмәмі, су мен нуды орыс ұстап, 
Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды 


153 
өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны....» - деп 
жырлайды.
Дегенменен, XV-XVIIғғ. қазақтардың Орта Азия 
халықтарымен экономикалық және мәдени байланысының 
дамуы Қазақстанда ислам дiнiнiң жедел дамуына ықпал еттi. 
Көшпелi тұрмыс салты құдайға құлшылық ететiн мешiттер, 
арнайы медреселердiң салуын қиындатты.
Сондықтан, намазды кез-келген жерде оқып, халықтың 
көпшiлiгi құран мен араб тiлiндегi кiтаптарға мұқтаж 
болуларына байланысты, молданың әрбiр сөзiн айнытпай 
қайталап, дiни ғұрыптарды орындап, отырды.
Қазақ қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге 
айналғанымен, дала көшпелiлерi арасында – пұтқа
табынушылық кеңiнен дамыды, қазақтар ата-бабаларының 
әруақтарын құрметтеп, жер –суға, отқа сиынды. 
Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке, 
молшылық әкеледi деп сыйынды. Халық арасында ,,Өлi разы 
болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдейді.
Ата-баба аруақтарына Құран бағыштап, ас берiп, арнайы 
рулық қорымдарда жерленген. 
Көптеген әулиелер атымен, қоғамның әлеуметтiк 
топтарын байланыстырады: 
Мұхаммед пайғамбар қызы Фатима әйелдер мен 
балалар қамқоршысы; 
Қорқыт – Ата - қазақ бақсылары, әншi – күйшiлерiнiң 
қамқоршысы; 
Баба Түктi шашты Әзiз - қазақ батырларының 
қамқоршысы; 
Диқан баба – егiншiлер қамқоршысы. 
Әр мал түлiктерiнiң де өз пiкiрлерi болған: 
қой – Шопан ата; 
Сиыр – Зеңгi баба; 
Жылқы - қамбар ата; 
Түйе – ойсыл қара. 


154 
Қазақтар жер (Жер –Ана) мен судың (Су – Ана) рухын 
құрметтедi. Дүниеде барлық заттың жаны бар деп есептедi. 
Отқа табынуда үлкен рөл атқарды, қасиеттi оттың «алас» 
деген ежелгi аты қазiр сақталған, қазақтардың сенiмi 
бойынша отпен аластау ырымы күнi бүгiнге дейiн 
қолданылады. 
2
.XVIIIғ соңы – XIXғ бас кзi қазақ даласында жазу мен 
оқу iсi бiршама артта қалды. Ислам үстем етушi дiнге айнала 
бастады, бiлiм беруде мұсылмандық сипатта болды. 
Мектептер жеке меншiк, әрi ата-аналар есебiнен оқытылды. 
Оқытушылар – молдалар, олардың көбi араб тiлiн жетiк 
меңгерген жоқ едi.
Араб графикасының қазақ фонетикасына үндес келмеуi 
себебiнен оны меңгеру де қиынға соқты. Бұхара, Самарқан, 
Ташкент - білім орталықтары болды. Омск, Орынбор, 
Уральск, Семей т.б. қалаларда орыс мектептерi ашылды. Бұл 
оқу орындары үкiметтiң құрығында болып, азиялықтарды 
орыс ұлтына жақындату саясатын астарлы жүргiздi, қазақ 
даласына орыс оқымыстыларын жiберiп отырды.
XVII-XIXғ.ғ. қазақ өлкесiн зерттеу мақсатымен орыс 
экспедицилары ұйымдастырды, қазақ жерiн картаға түсiрдi, 
қазақтың құнарлы, шұрайлы жерлерiн суретке түсiрiп, 
болашақ өз қоныстарын анықтады. 1833ж. Пушкин қазақ 
ауылдарын аралап ,,Қозы Көрпеш – Баян сұлу,, поэмасын 
жазып алды. В.Даль «Майна», «Урал қазағы», Ушаков 
«қырғыз келiншегi». Семенов – Тянь – Шаньский, И.В. 
Мушкетов, шығыстанушы В.Радлов (1837-1918ж.ж.) қазақ 
тұрмысы, салтын зерттеуде ерекше роль атқарды. 
1847 –1857ж. украин ақыны Г.Шевченко айдауда болып, 
«Қазақ жанұясы», «Атқа мiнген қазақ», «Бақсы», «Байғұстар» 
т.б. суреттер салып, қазақ өнерiнен көрiнiстер бердi. 
Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865ж.ж.) қоғамдық-саяси, ғылыми-
әдеби қызметi қазақ даласына бiлiм беруге бағытталды. 
1857ж. қырғыз Алатауына сапар шегiп, олардың әдет -ғұрып, 
этнологиясын зерттедi, «Манас» эпосын қағазаға түсiрдi. 


155 
Шоқан қазақтардың ежелгi ортағасырлық мәдениетiн 
зерттедi, 
«Ыстықкөл 
сапарының 
күнделiгi», 
«Қытай 
империясының батыс жағы және Құлжа қаласы», «Қазақ 
шежiресi» т.б. елеулi еңбектерi жарық көрдi. 1857ж. орыс 
географиялық қоғамына мүше болды. Шоқан азғана 
ғұмырының iшiнде тек қана қазақ халқын емес, бүкiл Орта 
Азияны Еуропаға танытқан ғалым. 
Ы.Алтынсарин (1841-1889ж.ж.) - қазақ балаларын 
сауаттандырып, оқудың жаңа бұқаралық жүйесiн
орнықтыруда, бiлiм негiздерiн насихаттаудың жаңа тәсiлдерiн 
қолдануда ерекше еңбек сiңiрдi. Сонымен бiрге қазақ жазба 
әдебиетiн дамытуға елеулi үлес қосқан iрi ғалым, ұстаз, 
прозашы, жазбагер. Бiлiм беруде өзгерiстер енгiздi. Бiлiм 
берудiң қос жүйесi қалыптасты – ағартушылық және дiни.
Педагогика, фольклорды зерттедi. Тарихи прогресс 
ағарту деп түсiнiсiп, ол жаңа типтi бастауыш және кәсiптiк 
бiлiм беру орынының ашудағы алғашқы ғалым болды. Ол 
қазақ балаларына арнап оқу құралдарын жазды «Қазақ 
хрестоматиясы», «Мақтүбат», «Мұсылманшылық тұтқасы» 
т.б. 
Ол педагогика тарих, этнография, лингвистикаiлiмiнде 
жаңалықтар ашты, қазақ халқының ұлттық дәстүрiнiң, 
ғылыми дүниетаным негiзiн қалаушыларының бiрiне 
айналды. 
Абай Құнанбайұлы (1845-1904ж.ж.) - Қазақстанның 
қоғамдық және мәдени өмiрiндегi көрнектi тұлға, асқан 
ойшыл, сөз зергерi, ұлы адам. Абай өз шығармашылық 
еңбектерiне әдiлдiк пен адамгершiлiктi, бiлiм үшiн күресудi, 
әйелдiң қадiр-қасиетiн дәрiптеу, поэзияны, табанды еңбек ету 
т.б. өзек еткен, асыл идеялары болды.
3. Х1Хғ. екiншi жартысында өздерiнiң ақындық 
шеберлiгi, дарыны, тапқырлығымен көзге түскен қазақ 
ақынының iшiнде Сүйiнбай, Шашубай, Шортанбай, Базар 
жырау т.б. қазақ жерiне аттары кең таралды. ХХғ. басында 
әдебиеттiң 
дамуында 
оның 
аса 
көрнектi 
өкiлдерi 


156 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, 
Ж. 
Аймауытовтардың үлестерi аса мол. 
А.Байтұрсынов (1873-1937ж) – Шоқан, Ыбырай, Абай 
салған ағартушылық демократтық бағытты iлегрi 
жалғастырушы, дарынды ақын, тюрколог, аудармашы, iрi 
ғалым, журналист, қоғамдық қайраткер. 
Ол Крылов мысалдарын аударып, сол үлгiде мысалдар 
жазды. 1909ж. Петербургте «Қырық мысал» деген кiтабы, 
1911ж. «Маса» деген өлеңдер жинағы шықты. 
А.Байтүрсынов - қазақ тiлi мен әдебиетiн зерттеген ұлы 
ғалым. Ол «Оқу құралы» деген атпен қазақ тiлiнде әлiппе 
жазып, араб графикасында негiзделген қазақ жазуын 
жаңартты. «Тiл – құрал» , «Тiл жұмсар» атты қазақ тiлiнде 
оқулықтар жазды. 
Ш.Құдайбердиев (1858-1931) қазақ әдебиетi көрнектi 
тұлғаларының бiрi. 
1858ж. Шыңғыстау ауданы Семей облысына дүниеге 
келген. құдайбердi – Абайдың үлкен ағасының баласы.
Шәкәрiм Абай тәрбиесiнде өстi. Ол өз уақытынсында 
әлеуметтiк 
мәселелердi, 
теңсiздiктi 
қалай 
шешуге 
болатындығын ойлады. 
Шәкәрiм шындықты iздей отырып, ауыр жолды таңдады. 
Тек 40 жасында поэзиямен айналысты. Гуманистiк ағарту 
рухында өлеңдер жазады. Ол өз халқына көркем сөз арқылы 
қиындықтан шығу жолын көрсеттi, адамгершiлiк, өзiн-өзi 
жетiлдiру жолдарын көрсеттi. 
«Қазақ айнасы» (1919) өлеңдер жинағы, «Қалқаман- 
Мамыр», «Еңлiк- Кебек» (1912) романтикалық поэмаларын 
жазды.
Оның лирикалық өлеңдерiнде махаббат, табиғат, жастық 
жырланды. 
М.Дулатов (1885-1935) ХХғ. басындағы әдебиеттiң 
дамуына үлкен үлес қосқан қаламгер ақын, жазушы, 
аудармашы, журналист, қоғамдық қайраткер, педагог. 


157 
1909ж. шыққан «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы 
Мiржақыптың ақындық даңқын қазақ арасына кең таратты. 
Кеңес өкiметi кезеңiндегi 70 Жылда қазақтың ұлттық 
мәдениетi сан қырлы құбылыстарды басынан кешiрдi. 
ХХғ. 20-30 жылдары қазақ мәдениетiнiң тарихы үшiн 
қарама-қайшылыққа толы және күрделi кезең.
Бұл кезең Қазақстанның ұлттық қайраткерлерiнiң Кеңес 
өкiметiмен бiрлiгiнiң дамуымен және отарлық езгiден азат ету 
арқылы ұлттық мәдениеттi дамытумен сипатталады. 
Қазақтың ұлттық мәдениетiн ХХ ғасыр талаптарына 
сәйкес қайта құруда ,,Алаш,, партиясының рөлi ерекше. 
,,Алаш,, партиясының көрнектi қайраткерлерi үшiн маңызды 
мәселенiң бiрi – ұлттық-автомномия құру болды.
Автономияның қазақтар үшiн ауадай қажет екендiгiнiң 
үш негiзi бар едi: территория, мәдениет және ұлттық 
ерекшелiктер. (Бұл жолда А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 
М.Дулатовтар т.б.). 
1917 ж. Шiлдеде Бүкiлқазақтық құрылтайда «Алаш» 
партиясының бағдарламасы жарияланып, желтоқсанда бұл 
бағдарлама Алашорда үкiметiнiң негiзгi заңына айналды.
Сонымен, 1917 жылдың аяғында қазақстан прогресс жолында 
талай жетiстiктерге жеттi және ұлттық төл мәдениеттi 
дамытуға мүмкiндiк алды. қазақ рухани мәдениетiнiң сол 
түстағы деңгейiнде,,Алаш қайраткерлерi (А.Байтүрсынов, 
М.Жұмабаев, М.Дулатов) алдыңғы қатарда тұрды. Кейiн 
тоталитарлық жүйе оларға әдейi ,,Контрревалюцияшыл-
ұлтшылдық,, деп жала тапты. 
Алайда, большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе 
қазақ халқының азаттық алу, мәдени даму мүмкiндiктерiн 
құлдыратып жiбердi. 
4.
Кеңес өкiметi орнауы кезеңiндегi ,,мәдени құрылыс,,. 
1.
Кеңес өкiметi жылдарындағы ғылым, өнердiң дамуы. 
2.
Қазақ мәдениетiн дамытудағы қазақ оқымыстылары 
мен шығармашылық интеллегенциясының қосқан үлестерi. 
3.
Бүгiнгi күнгi мәдениеттегi негiзгi мәселелер. 


158 
4.
Өтпелi кезеңдегi Қазақстанның мәдени саясаты. 
Қазақ 
халқының 
ұлттық 
мәдени 
тұтастануына 
төмендегiдей большевиктiк тәжiрибелер кеселiн тигiздi: 
1.
Демографиялық геноцид. Белгiлi демограф Мақаш 
Тәтiмовтың есептеуiнше, тоталитарлық жүйе кезiнде қазақтар 
шетелдерге бiржола көшiп кеткендерiн қоса санағанда 4,5 
миллион адамнан айырылған. Бұл қасiрет Еуропадағы
фашизмнiң еврейлердi жоюынан да асып түстi. 
2.
Этномәдени экспанция. Патшалық Ресей империясы 
бастаған миграциялық саясатты кеңес өкiметi жалғастырды. 
Геноцид нәтижесiнде қаңырап бос қалған кең дала 
келiмсектермен толтырылды. 
Этномәдени экспанция: феодализмнен социализмге 
бiрден секiру үшiн аймақты индустриаландыру қажет, ал 
көшпелiлер техникаға жетiк емес, сондықтан кәсiбилердi 
шақыру керек дегендi желеу еттi. 
Мигранттардың 
көшiп 
келуi 
қазақтың 
дәстүрлi 
мәдениетiн 
шайқалтты. 
Дегенменен, 
бiлiм 
деңгейi, 
экономикалық даму, мәдени диалог т.б. біршама дамыды. 
3.
Әр этностың дәстүрлi мәдениетiне үлкен нүқсан 
келтiрген болшевиктiк, тәжiрибелердiң бiрi – ұлтаралық 
некелесудi дәрiптеу. Әрине әр түрлi этноастардың, нәсiлдiң 
араласуы – прогрессивтi процесс.
4.
Мұндай этнобиологиялық тұтастану нәтижесiнде 
әлемде көрнектi рөл атқаратын американдар, бразиялықтар, 
мексикандықтар, үндiлер сияқты қалыптастыруға ұмтылды. 
Алайда, Кеңес Одағында бұл процесс өктемдiлiкпен 
жүргiзiлдi, 
империядағы 
халықтарды 
орыстандыру 
саясатында өттi. 200-ден астам этностар араластырылып 
жiберiлдi. 
Нәтижесiнде миллиондаған халық төлтума мәдениетiн 
жоғалтып, маргиналдар қоғамына айналды. 
Әрі ұлттық мәдени архетиптерiн қудалау да Кеңес Одағында 
мемлекеттiк саясат дәрежесiнде жүргiзiлдi. Мысалы, қазақтың 
«Дедем Қорқыт», «Алпамыс», «Ер Сайын», «Шора Батыр», 


159 
«Қобыланды» эпостарын дiншiл және ақсүйектiк деп 
жариялап, оларға тыйым салды. Тiптi домбыраның өзiн 
феодализмге апарып тiркедi (сурет 1).
Кеңестік өркениет ерекшеліктері
Халықтың болашаққа сенімі,
Энтузиазм
Ауыр өнеркәсіптің дамуы,
Космоқа жол ашу
Ұлттық интеллигенцияның
қалыптасуы, сауаттылық
Қоғамдық мүдденің құндылығы,
Әдебиетте, өнердегі жетістіктер
“халық жауы” атанған
интеллигенциядан айырылуы
Халықтың өмір сүру төмендігі,
Тоталитаризм, идеологиялық
саясат, жеке басқа табыну
Дінге, ұлттық тілге қарсы күресу
Эмиграцияның күшеюі
Құндылықтар
Кері жақтары
Сурет 1 
Мұндай тоталитарлық жүйенi мәдениеттiң өзегi тiл мен 
дiнге байланысты жүргiзiлген саясаттан да көруге болады. 
Ондаған түркi халықтары алдымен латын, кейiн славян 
алфавитiне көшiрiлдi. Мешiт пен медресе мүлкiн тәркiлеп, 
дiни өкiлдердi қуғынға ұшыратты.
1927-28 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлiк заңдар 
жарамсыз деп жарияланды. Қорыта айтқанда, большевиктiк 
«мәдени құрылыс» Жер шарының 1/6 бөлiгiнде «кеңестiк 
адай» атты Шыңғыс Айтматов шеберлiкпен суреттегендей 
бұрын-соңды болмаған мәңгүрт адамдарды қалыптастырды. 
Қазақстанда кеңес өкiметi жылдарында мәдени салада 
айтарлықтай жетiстiктер көп болды.
Ғылым 
Академиясының 
Қазақстандық 
базасы 
жасақталды. Зоология, геология, тарихи секторларынан 
тұратын бұл база құрамында академик А.Самойлович, 


160 
академик Б.Келлер, профессор С.Асфендияров болды. 
қоғамдық ғылымдарды дамыту мәселесiне қатты көңiл 
бөлiндi. С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» (1 томы), К. 
Жұбановтың қазақ тiлiне байланысты еңбектерi жарық көрдi. 
Ғылымның бiлiктi маман кадрларсыз дамуы мүмкiн емес 
едi. Соның негiзiнде, 1928ж. Абай атындағы ҚазПИ, 1934ж. 
ҚАЗМУ ашылуы кадрларды көптеп дайындауға мүмкiндiк 
бердi.
Қазақстанда ғылымның өркендеуiне КСРО Ғылым 
Академиясының бөлiмшесi негiзiнде 1946ж. қазақ КСР 
Ғылым Академиясының ашылуының аса зор маңызы болды. 
Оның тұңғыш президентi Қ.И. Сәтпаев. Академияда әлемге 
әйгiлi, дүние және белгiлi iрi оқымыстылар Қ.Сәтпаев, Ң.А. 
Тихов, Д.В. Сокольский, У.М. Ахмедсафин, Ә. Жәутiков, 
А.Жұманов, М. Әуезов, Ғ. Мүсiрепов, И. Қарақұлов, 
Нүсiпбеков, I.Кеңесбаевтар қызмет еттi. 
Қазақ драма театрының құрылуы Қазақстанның мәдени 
өмiрiндегi елеулi оқиға болды. ,,Еңлiк-Кебек,, пьсасымен 
ашықан бұл театр, орыстың көптеген классикалық 
шығармаларын қойды игерiп, үлкен жетiстiкке ие болды. 
Қазақ бұлбұлы - Күләш Байсейiтова, бишi - Шара, 
кәсiпқой сахна жүлдыздары - С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, 
Қ.Жандарбеков, Ж. Шанин, Ш. Айманов т.б. өз өнерлерiмен 
халық дәстүрiн жаңа заманға лайықты жалғастыра бiлдi. 
Қазақ әншiсi Ә.Қашаубаев, Майра Шамсудинова, Мариям 
Жагорқызы, Затаевич сияқты әншi-сазгерлердiң аты жүрт 
аузынан түспедi. 1938 жылы «Амангелді» фильмі түсірілді, 
1941-45 жылдары Қазақстан киноматографистерi патриоттық 
тақырыптағы кинофильмдерді: «Абай әнi» , «Алтын мүйiз», 
«Жамбыл», 1950 ж. « Атаманның ақыры», «Қыз бен жiгiт», 
1960-70 жылдары «Мәншүк туралы», «Қыз Жiбек» , 
«Транссiбiр экспресi», «Ана туралы аңыз» фильмдерi қазақ
елiнiң кешегiсi мен бүгiнгiсiн тартымды жеткiзе бiлдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет