ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 44
басым болып қала береді, «баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер, түкті
байқамас» деп күйінуден туған күйін бір түйіндеп қояды. Абай
өлеңінде қаншалық ақылды, әлеуметтік салмағы зор ойлар айтып,
танымдық, тағылымдық мәні аса мықты дүние тудырса да, өлеңінің
соңы күңіреніспен көңілсіз аяқталады. Жеке басының жағдайы жақсы
болса да, елінің кешкен күйі ақынды «моласындай бақсының жалғыз
қалған» күйге түсіреді. Ал Ахмет Байтұрсынов бұрынғы, кейінгі тарих
пен өмір ағысына ой жүгіртіп, көбіне елді бастар адамдардың дүниелік
пен пенделікке салынып сенімнен шықпай жүргенін баса айтады.
Молдалардың болмысы мен тірлігіндегі неше түрлі аярлық-қулық,
монтанылықты ащы түрде аямай мысқылдайды. Ахмет те өлеңінде
осылай Абай жолымен жүріп отырып надандықты көп сынайды.
Мақсаты – маса болып шағумен қазақты ояту болған А.Байтұрсынов
халқының сол баяғы ұйықтаған қалпына тап бола береді:
Балалық қалып,
Ес біліп анық,
Ер жеткелі жиырма жыл...
Емшегін еміп,
Анаға сеніп,
Бала ұйықтайды жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың түрі оңбас [7, 29-б.].
Абай мен Ахмет екі ақын да елі тап болған жағдайы мен сол баз баяғы
қараңғы қалпынан бас көтермеген күйін көріп, осындай түңілуі мен
күйінуі басым өлеңдерін тудырған. А.Байтұрсынов өлеңінде заманына
орай күшейе түскен отаршылдықтың шындығы айқындала түскен.
Қазақтың дәл өзіне білім алып, өнер қуып, өзін-өзі тани түскені тиімді,
игілікті, пайдалы болса да, қанаушы елге қараңғы қазақтың оянғаны
керек емес еді. Осы орайда ғалым Ж.Ысмағұлов мынадай пайымын
ұсынады: «...ақынның жиырма жыл деп мегзеп отырғаны не нәрсе?
Біздіңше, бұл жерде ол қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру
жөніндегі 1889 жылғы заңды айтып отыр. Бұрынғы алыстан айбат
шегіп, сырттан билеудің орнына енді ішке үңгіп кіріп, тікелей отарлау
басталған кезде ел есін бір жиғандай көрініп еді, бірақ одан нәтиже