А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
11 тақырып. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША
ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ 
Кесте 1 
АРНАУЛЫ, ӘСКЕРИ НЕМЕСЕ ҚҰРМЕТТI АТАҚТАРДАН, СЫНЫПТЫҚ 
ШЕННЕН, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕН, БIЛIКТIЛIК СЫНЫБЫНАН 
ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК НАГРАДАЛАРДАН АЙЫРУ 
(ҚР ҚК 49-бабы)
Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық 
дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру - 
қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн соттаған кезде сот 
кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оны арнаулы, әскери, құрметтi 
немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, 
бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады 
Жазаның 
орындалуын 
реттейтін 
нормативтік 
құқықтық акт 
(ҚР ҚАК 71-бабы)
Жазаны орындайтын орган 
Үкім шығарған сот 
Үкімнің талаптарын 
рындайтын орган 
Атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық 
дәреженi, бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды 
адам
( ҚР ҚАК 24 бап 6 б., 71 бап ) 
Қазақстан Республикасының Президенті, соттың 
ұсынуы 
бойынша 
жүргізеді 
мемлекеттік 
наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен 
бірге алып қоюды олар тұратын жердегі 
пробация қызметі жүргізеді
( ҚР ҚАК 24 бап 6 б.,71 бап. ҚР ҚК 49 бабы 2 б )
Жазаның басқа түрлерімен 
ауыстыру мүмкіндігі 
Қарастырылмайды 
Кесте 2 
АРНАУЛЫ, ӘСКЕРИ НЕМЕСЕ ҚҰРМЕТТI АТАҚТАРДАН, СЫНЫПТЫҚ 
ШЕННЕН, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕН, БIЛIКТIЛIК СЫНЫБЫНАН 
ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК НАГРАДАЛАРДАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ 
ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
(ҚР ҚАК 71-бабы) 
Сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық 
шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру түріндегі 
үкiм шығарған сот, үкiм заңды күшiне енгеннен кейін оның көшiрмесiн 
сотталған адамға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, 
бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi 


46
Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталған адамды 
арнаулы, әскери немесе құрметтi немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, 
дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы жазбаны 
енгізеді, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн 
көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады 
Запастағы әскери қызметшiге қатысты сот үкiмiнiң көшiрмесi оның әскери 
есепке алынған орны бойынша жергiлiктi әскери басқару органына жiберiледi 
Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде 
үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды 
Қазақстан Республикасының Президентi сотталған адамды Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес арнаулы, әскери немесе 
құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк 
сыныбынан және мемлекеттiк наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған 
кезде, тиiстi мемлекеттiк орган осы баптың екінші бөлігінде көрсетiлген 
шараларды қолданады. Мемлекеттiк наградаларды оларға қоса берілген 
құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметi саласындағы 
уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен олар тұрған жердегі пробация қызметі 
жүргiзедi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет