8 ТАҚЫРЫП. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ
ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Кесте 1
ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
Жазаны
орындауын
реттейтін
нормативтік
құқықтық актілер
ҚР ҚАҚ 52-56 баптар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация
қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы»
бұйрығы
Жазаны орындайтын орган Пробация қызметі (ҚР ҚАҚ 52б. 2б.)
Жазаны өтеу орны
негізгі жұмыс орны бойынша
Жаза тағайындау мерзімі Қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік
көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі
шегінде,
қылмыстар
үшін
айлық
есептік
көрсеткіштің екі жүзден он мыңға дейінгі шегінде
белгіленеді.
Дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар
кәмелетке
толмағандарға
айлық
есептік
көрсеткіштің
бестен
бір
жүзге
дейiнгi
мөлшерінде тағайындалады.
Мемлекет кірісіне ұстап
қалу мөлшері
Сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтегенге
дейін
Жәбірленушілерге
өтемақы
қорына
жалақының (ақшалай үлестің) оннан елуге дейінгі
пайызын
Жазаны
орындаудың
басталуы
Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеуге
Пробация
қызметіне
үкiмнiң,
қаулының
көшiрмесiмен соттың тиiстi өкiмi келiп түскен
күннен бастап он бес күндік мерзiмнен
кешiктiрмей тартылады.
Жазаны негұрлым қатан
жазаға ауыстыру
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден
жалтарған не жұмысынан айырылған немесе еңбек
шарты бұзылған күннен бастап үш ай бойы
жұмысқа орналаспаған сотталғанға қатысты
Пробация қызметі үш жұмыс күні ішінде
қылмыстық теріс қылықтары үшін қоғамдық
жұмыстарға тартумен не қамауға алумен, ал ауыр
емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін бас
бостандығын шектеумен не бас бостандығынан
айырумен, ауыр қылмыс үшін тағайындалған
жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан
айырумен ауыстыру туралы ұсынымды сотқа
34
жолдайды.
Жазаны орындауды аяқтау
кезі
Пробация қызметі жаза мерзімінің аяқталған
күнiнде, ал басқа негiздер бойынша босатылған
жағдайда тиiстi құжаттарды алған соң келесi
жұмыс күнiнен кешiктiрмей сотталған жазасын
өтеп
жүрген
ұйымның
әкiмшiлiгiн
оның
жалақысынан ұстап қалуларды тоқтату туралы
жазбаша хабардар етiледi. Сотталғанға жазаны
өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны
туралы анықтама берiледi.
Кесте 2
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ
ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ-
(ҚР ҚАК 55 бап.)
сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
сотталғандарға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен
шарттарын түсіндіреді
сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын
және ұстап қалынған сомалардың Жәбірленушілерге өтемақы қорына
аударылуын бақылауды жүзеге асырады
сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді
қажет болған кезде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен
қамту орталықтарына жібереді
жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға
қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа
iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi
Пробация қызметі ай сайын есепке алу карточкалары бойынша
сотталғандардың жалақысынан дұрыс және уақтылы ұстап қалуын және
ұсталған соманың мемлекет кiрiсiне аударылуын тексередi және
бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар
қабылдайды.
Ұйым әкімшілігі үш айдан аса сотталғанның жалақысынан уақытылы соманы
ұстап қалмаған және ұсталған соманы мемлекет кірісіне аудармаған
жағдайда, Пробация қызметі прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану
үшін прокуратура органдарына жүгiнеді.
Кесте 3
ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ОРНЫНДАҒЫ ҰЙЫМ
ӘКІМШІЛІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ (ҚР ҚАК 56 бап.)
35
сотталған адамның жалақысынан ұстап қалуды Жәбірленушілерге өтемақы
қорына уақтылы аударуға, бұл жөнінде тоқсанына бір рет пробация
қызметіне растайтын құжаттарды ұсынуға;
үш жұмыс күні ішінде пробация қызметін сотталған адамның жазасын
өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге;
пробация қызметін сотталған адамның басқа лауазымға ауысуы немесе
жұмыстан шығарылуы туралы алдын ала хабардар етуге міндетті
Кесте 4
ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
(ҚР ҚАҚ 53 бабы)
Жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын сақтау
тоқсанына бір рет пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу
үшін келуге;
пробация қызметіне жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің
өзгергені туралы жазбаша хабар беруге міндетті
|