А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
6
ТАҚЫРЫП. АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕГІ
ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 
Кесте 1 
АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
Жазаның 
орындалуын 
реттейтін 
нормативтік 
құқықтық актілер 
ҚР ҚАК 50-51 баптары 
Атқарушылық 
іс 
жүргізу 
және 
сот 
орындаушыларының 
мәртебесі 
туралы 
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 
сәуірдегі № 261-IV Заңының 11 бабы 1 б 
Жазаны орындайтын орган 
Айыппұл, 
сондай-ақ 
мүлікті 
тәркілеу 
түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері 
бойынша және сотталған адамның жұмыс орны 
бойынша әділет органдары орындайды. (ҚР 
ҚАК 24 б.1 б) 
Жаза мөлшері 
Айыппұл – ҚР ҚК көзделген шекте, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық 
жасалған кезде қолданыста болған айлық 
есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес 
келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе 
құнына, берілген ақша сомасына немесе 
берілген мүлік құнына, жымқырылған мүлік 
құнына, алынған кіріс сомасына немесе 
бюджетке 
түспеген 
төлемдер 
сомасына 
еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай 
өндiрiп алу.
Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін – 
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі 
жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық 
есептік көрсеткіштің екі жүзден он мыңға 
дейінгі шегінде не еселенген мөлшерде 
белгіленеді.
Жазаны орындау мерзімі 
Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне 
енген кезден бастап есептеледі және сот үкімі 
бойынша үш жылдан аспайды. 
Сотталған 
адамның 
жалақысының 
кешіктірілуіне немесе төленбеуіне, уақытша 
еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан немесе 
кірісінен айырылуына байланысты мүліктік 
жағдайы уақытша нашарлаған жағдайда, сот 
кейінге қалдыруды бір айдан бір жылға дейінгі 
мерзімге бере алады. Кейінге қалдыру уақыты 


28
сот үкімінде белгіленген, айыппұл төлеу 
мерзімін есептеуге кірмейді. 
Айыппұл тағайындау кезінде сот оның 
мөлшері мен төлеу мерзімін қылмыстық құқық 
бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның 
мүліктік және отбасылық жағдайын, оның 
жалақы немесе өзге де кіріс алу мүмкіндігін 
ескере отырып айқындайды. 
Жазаның басқа түрлерімен 
ауыстыру мүмкіндігі 
Егер сотталған адам айыппұлды сот 
белгілеген мерзімде төлемеген немесе толық 
төлемеген жағдайда, жазаны орындайтын орган 
(сот орындаушысы) айыппұлды мәжбүрлеп 
орындату 
жөнінде 
шаралар 
қабылдайды. 
Айыппұлды толық өндіріп алу үшін сотталған 
адамның кірістері немесе мүлкі жеткіліксіз 
болған не сотталған адамның өз кірістерін 
немесе мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан 
жасыру 
фактісі 
анықталған 
жағдайларда, 
жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексіне сәйкес айыппұлды жазаның басқа 
түрiмен ауыстыру туралы сотқа ұсыну жібереді. 
(ҚР ҚАК 51 бап) 
Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген 
кезде сот үкімі (қаулысы) мәжбүрлеп орындауға 
жатады. Айыппұлдың төленбеген бөлігі: 

қылмыстық 
теріс 
қылық 
үшін 
сотталғандарға – төленбеген бір айлық есептiк 
көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың бір 
сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартумен 
не төленбеген төрт айлық есептiк көрсеткiш 
үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен 
қамаққа алумен; 
- онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа 
қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт 
айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығын 
шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың 
бір күні есебімен бас бостандығын шектеумен 
не бас бостандығынан айырумен; 
- ауыр қылмыс үшін сотталғандарға – 
төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін 
бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен 
бас бостандығынан айырумен; 

еселенген айыппұлға сотталғандарға 


29
төленген және өндіріп алынған айыппұл бөлігін 
ескере отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлігінің тиісті 
бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан 
айырумен ауыстырылады. 
Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін 
көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, 
аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау 
кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде 
айыппұл мөлшері осы бапта белгіленген ең 
төменгі шектен төмен болуы мүмкін. (ҚР ҚК 41 
бап.) 
Орындауды аяқтау кезі 
Айыппұлды толық көлемде төлеу 
Атқару құжатын берген соттың талап етуі 
бойынша атқару құжатын қайтару 
Кесте 2 
АЙЫППҰЛДЫ ӨНДІРІП АЛУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ
ТОҚТАТУ ШАРТТАРЫ 
Сотталған борышкердің қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау 
Айыппұл түріндегі жазаны жазаның басқа түрімен ауыстыру 
Рақымшылық, кешірім жасау тәртібімен айыппұл түріндегі жазаны 
орындаудан босату және ҚР ҚК мен ҚР ҚПК белгілеген өзге де жағдайларда 


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет