Құс етінің микрофлорасы Құс еті ірі қара мал еті сияқты эндогенді жəне экзогенді жолдар
арқылы микроорганизмдермен тұқымданады.
Эндогенді (өмір сүру кезінде) тұқымдану құстардың ауру-
лары кезінде болады. Бұл кезде құстың мүшелерімен ұлпалары
əртүрлі инфекциялық аурулар (туберкулез, сальмонеллез жəне т.б.)
қоздырғыштарымен зақымдалғаны байқалады. Ал сау құстарда
микроорганизмдермен тұқымдану мекемелерде тасымалдау кезінде
жүреді. Əдеттегі жағдайда жем мен судың жоқтығы құстардың
қорғаныш күштерінің жылдам əлсіреуіне əкеледі жəне микробтардың