Микроорганизмдерге ас тұзының əсері. Етте жəне россольдың
құрамындағы микроорганизмдер ас тұзына əртүрлі сезімталдығымен
ерекшеленеді. Соның ішінде аса ерекшеленетіндерге тұзды жақсы
көрмейтіндер, тұзға тұрақты жəне тұзды жақсы көретін микроорга-
низмдер жатады.
Тұзды жақсы көрмейтин (галофильді емес) микроорганизмдер
1-2% концентрленген ас тұзды ортада жетіледі жəне құрамындағы
тұз 6% құрағанда олар өздерінің өсуін тоқтатады. Бұларға спо-
ра түзбейтін грамм теріс таяқшалар жазады (протей, ІТТБ,
Pseudomonas).
Тұзға шыдамды (тұздытолерантты) микроорганизмдер 6-8% кон-
центрленген тұзды ортада тіршілік белсенділігін сақтап қалады жəне