Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет13/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

Есептер 
1.  Горбунова  Морозовпен  некенi  бұзу  туралы  сотқа  талап-арыз 
бередi. Олар 1984 жылдан бастап заңды некеде тұрған болатын жəне 
сол некеден 1987 жылы туылған бiр қыздары бар едi. Морозов спирт 
iшiмдiктерiне  салынып,  нəтижесiнде  бұл  жанұяда  үнемi  даужанжал 
туындап тұратын болған, кейде ол тiптi қызының көзiнше төбелеске 
дейiн  баратын.  Бұл  жан-жалдың  арты  ақыр  түбi  Морозовтың  нар-
кологиялық диспансерде емделуiмен аяқталатын. 
Емдеуден  ешбiр  нəтиже  болмайды,  Морозов  сол  бұрынғысынша 
iшiмдiкке салынуынан айықпайды. Горбунова талап-арызында өзiнiң 
жанұясында  орын  алған  осындай  берекесiздiктен  əбден  қажып, 
шаршағанын  жəне  осы  жағдайлардың  қызы  мен  өзiнiң  психикасына 
қатты əсер ететiнiн, сондықтан да, ол Морозов - пен бұдан былай 
тұрғысы келмейтiндiгiн айтады. 
Iс сотта қаралған кезде Морозов зайыбының пiкiрiмен келiспейдi 
ол  өзiнiң  əйелi  мен  қызын  жақсы  көретiндiгiн,  оның  араққа  əуестiгi 
некенi  бұзуға  негiз  болмауы  тиiс  деп мəлiмдейдi.  Сондай-ақ ол  таяу 
күндерi  өзiнiң  арақ  iшуiн  бiржола  қоюға  уəде  беретiндiгiн, 
емделетiндiгiн айтады. Сол себептен Морозов соттан некенi бұзбауды 
жəне əйелiмен татуласуға уақыт берудi сұрайды. 
Сот қандай шешiм шығаруы керек? Қандай жағдайларда сот ерлi-
зайыптылардың татуласу-ына уақыт белгiлей алады? 


2. Мансұрова сотқа талап-арыз берiп, онда ол күйеуi Мансұровпен 
бес айдан астам уақыт бойы бiрге тұрып жатпағанын, онымен ортақ 
шаруа  жүргiзбейтiндiгiн  жəне  ұлы-ның  тəрбиесiмен  тек  өзi  ғана 
айналысатынын көрсетедi. 
Сонымен  бiрге  Мансұрова  соттан  күйеуi - Мансұровтан  балаға 
алимент өндiрiп берудi жəне бала бағуына байланысты өзi жұмысқа 
шыға  алмайтындықтан  өзi  үшiн  де  алимент  төлетудi  мiндеттеудi 
сұрайды.  Осы  негiздерге  байланысты  сот  некенi  бұзу  туралы  iс 
қозғауға құқылы ма? Бала бағуына байланысты жұмыс iстемей, үйде 
отырған əйелiнiң күйеуiнен алимент төлеудi талап етуi орынды ма?  
3. 2000 жылдың сəуiр айында Алматы облысы Жамбыл аудандық 
соттың  шешiмi  бойынша  Биғаным  Смайлованың  күйеуi - Абдулла 
Жарылғапов  əрекет  қабiлетсiздiгi  жоқ  деп  танылған  болатын. 
Жарылғаповтың  қорғаншысы  болып  оның  анасы - Бəтима 
Жарылғапова  танылған  болатын.  Арада  бiр  жыл  өткеннен  кейiн 
Биғаным  Смайлова  сотқа  талап-арыз  берiп,  Жарылғаповпен  некенi 
бұзуды 
сұрайды. 
Талап-арызында 
Биғаным 
Смайлова 
өз 
балаларының  өмiрi  үшiн  қауiптенетiндiгiн  айтады,  себебi  ауруы 
асқынған кезде күйеуi Абдулла Жарылғапов үнемi балаларды өлтiре-
тiндiгiмен  қорқытады.  Биғаным  Смайлова  өз  арызында,  сондай-ақ 
күйеуiн  бiр  жыл  бойы  облыстық  психиатриалық  ауруханаға  орын 
болмауына  байланысты  орналастыра  алмай  жүргенiн  мəлiмдей-дi. 
Абдулла  Жарылғаповты  балалардан  басқаша  бөлектетудiң  өзгеше 
амалы  жоқ  едi.  Абдулланың  қорғаншысы  болып  табылатын  Бəтима 
Жа-рылғапова  өз  мiндетiн  iс  жүзiнде  атқармайтын,  себебi  оның 
пiкiрiнше  Абдулла  əлi  күнге  дейiн  оның  заңды  күйеуi  болып 
табылады, сондықтан да Смайлова өзiнiң күйеуiн өзi күтуге мiндеттi 
деп санайды. Сот Биғаным Смайлованың өтiнiшiмен танысып болып 
оны қараудан бас тартады, соттың пiкiрi бойынша Смайлованың бұл 
əрекетi  күйеуiнiң  басына  қиын  жағдай  туған  кезде  зайыбын  күту 
мiндетiнен  əдейi,  саналы  түрде  жалтарғандық  болып  табылады. Iстi 
шешiңiздер. Қандай жағдайларда некенi АХАЖ органдарында бұзуға 


жол  берiледi?  Абдулланың  қорғаншысы  болып  табылатын  Бəтима 
Жа-рылғапованы 
өз 
мiндеттерiн 
орындамағаны 
үшiн 
жауапкершiлiкке тартуға бола ма? 
4.  Алматы  қаласының  жанармай  базасында  экспедитор  болып 
жұмыс  iстейтiн 42 жасар  Тасим  Галандаров  экономикалық  қылмыс 
жасағаны  үшiн  бас  бостандығынан  айрылып,  мүлкi  тəркiленiп 
сотталып  кетедi.  Ал  оның  əйелi 34 жастағы  Гүлханым  Фазылова 
күйеуi  Тасим  Галандаровпен  некенi  бұзудың  жолдарын  сұрап 
заңгерге кеңес алуға 
келедi.  Фазыловаға  қандай  кеңес  берер  едiңiздер?  Ерлi-
зайыптылардың  бiреуiнiң  түрмеде  болуы  некенi  бұзуға  негiз  болып 
табыла  ма?  Ос  жағдайда  ерлi-зайыптылардың  ортақ  балаларының 
болуының қандай құқықтық мəнi бар?  
5. Алматы облысы Таутүрген ауылының тұрғыны Виктор Петухов 
Өскемен  қаласының  маңында  орман  шаруашылығында  вахталық 
тəсiлмен жұмыс iстеп жүредi. Бiр күнi ол кезектi вахтаға кетiп содан 
кейiн  iз-түссiз  жоқ  болып  кетедi. Iшкi iстер  органдары  жүргiзген 
Виктор Петуховты iздестiру шаралары ешбiр нəтиже бермейдi. Содан 
берi  үш  жыл  өтсе  де  Виктор  Петухов  бұрынғысынша  өзi  туралы 
ешбiр  мəлiмет  бермейдi. 2001 жылдың 15 наурызында  зайыбының 
өтiнiшi  бойынша  сот  шешiмiмен  Виктор  Петухов  өлдi  деп 
жарияланады.  Осыдан  кейiн  екi  ай  өткен  соң  Петуховтың  əйелi - 
Светла-на  Петухова  Талғат  Таубалдиевке  тұрмысқа  шығады. 
Олардың  некесi  АХАЖ  органында  тiркеуге  алынады.  Светлана 
Талғат  Таубалдиевке  күйеуге  шыққаннан  кейiн  бала  көтередi.  Осы 
кезде өлдi деп жарияланған Виктор Петухов қайтып оралады да сотқа 
талап-арыз берiп Светлана мен Таубалдиевтiң некесiн жарамсыз деп 
тануды  жəне  сондай-ақ  өзiнiң  бұзылған  некесiн  қайта  қалпына 
келтiрудi сұрайды. Светлана болса өзiнiң соңғы некесiн бұзғысы кел-
мейдi  жəне  Петуховпен  бұдан  əрi  қарай  барлық  қарым-қатынасты 
үзгiсi  келетiндiгiн  мəлiмдейдi. Iстi  шешiңiздер. 6. Парламенттiң 


бұрынғы  депутаты  Амиров  санаторийде  демалып  жүрiп 38 жастағы 
Қостанайдан келген Баян Зараповамен танысады. 
Амиров пен Зарапова санаторийде бiрге болған күндерден бастап 
бiрiн-бiрi ұнатып, ақыры санаторийде демалу уақыты аяқталуға таяп 
қалғанда ол Баянға өзiне тұрмысқа шығуды өтiнедi. Олардың некесi 
АХАЖ  органында  тiркеуге  алынады  жəне  осыдан  кейiн  Зарапова 
Амировтың үйiне тұрақты түрде көшiп келедi. Арада үш ай өткеннен 
кейiн Ами-ров жүрек ауруымен ауруханаға келiп түседi де, бiрер 
күннен  кейiн  қайтыс  болып  кетедi.  Амировты  жерлеу  рəсiмделiп 
болғаннан  кейiн  оның  баласы  Ануар  сотқа  талап-арзы  берiп,  өзiнiң 
əкесi  мен  Зарапованың  арасында  қиылған  некенi  жарамсыз  деп 
тануды  сұрайды.  Өзiнiң  талап-арызында  ол  бұл  некенiң  жалған 
екендiгiн жəне iс жүзiнде Баян Зарапова оның əкесiне ешбiр көмек 
көрсетпегендiгiн  көрсетедi.  Нақты  айтқанда  əкесi  науқастанып 
жатқанда Зарапова көмек көрсетудiң орнына оларды, 
яғни  Ануар  мен  оның  əйелiн  шақыртумен  ғана  шектелетiн. 
Амиров  пен  Зарапованың  некесiн  жарамсыз  деп  тануды  Амировтың 
баласы Ануар талап етуге құқылы ма? Жалған неке (фиктивный брак) 
дегенiмiз не жəне оның құқықтық салдары қандай?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет