3. Патронат тəрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне
тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жəрдемақыға жəне басқа да
əлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға
меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын
сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына
сəйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.
Патронат тəрбиешілерге берілген бала (балалар) осы Заңның
52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: