117-бап. Қорғаншылардың жəне қамқоршылардың əрекеттеріне шағым жасау Қорғаншылардың жəне қамқоршылардың əрекетіне кез келген
адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы
жəне қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа
шағым жасай алады.
118-бап. Қорғаншы жəне қамқоршы органдардың шешімдеріне шағым жасау Қорғаншы жəне қамқоршы органдардың барлық мəселелер
жөніндегі шешімдеріне мүдделі адамдар сот тəртібімен шағым
жасай алады.
16-тарау ПАТРОНАТ
119-бап. Патронат 1. Қорғаншылық жəне қамқоршылық нысанындағы патронат
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тəрбиелеу,
емдеу немесе осы тəрізді басқа да мекемелердегі кəмелетке
толмаған балаларға белгіленеді.
2. Баланы тəрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат
тəрбиеші) мен қорғаншы жəне қамқоршы орган арасында
жасалған баланы (балаларды) тəрбиелеуге беру туралы шарт
патронаттың туындау негізі болып табылады.
3. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.