115-бап. Қорғаншылар мен қамқоршыларды олардың өз міндеттерін атқарудан босату жəне шеттету 1. Қорғаншы жəне қамқоршы орган кəмелетке толмаған
қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе
ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны
немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады.
Қамқоршылыққа алынушыны тəрбие, емдеу мекемесіне,
халықты əлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге
орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының
мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы жəне қамқоршы орган
бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың
өз міндеттерін атқарудан босатады.
2. Дəлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік
жағдайдың
өзгеруі,
қамқорлыққа
алынушымен
өзара
түсініспеушілік жəне т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның
өтініші бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін.
3. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін
тиісінше
атқармаған
жағдайда,
соның
ішінде
өзінің
қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы
мақсатында
пайдаланған
кезде
немесе
қамқоршылыққа
алынушыны қадағалаусыз жəне қажетті көмексіз қалдырған
жағдайда, қорғаншы жəне қамқоршы орган қорғаншыны немесе
қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі жəне кінəлі
адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар
қолдануы мүмкін.