Сонымен Петропавл қаласына Василийдiң жалғыз өзi кетуiне тура
келедi. Қысқы каникул кезiнде Светлана Петропавлға күйеуiне барып
қайтады. Алайда, оған қаланың өзi жəне климаты ұнамай қалады.
Бiрақта Светлана ол жайында күйеуiне ештеңе айтпаған болатын. Сол
жылы жазда Светлана институтты аяқтайды, осы кезде Василий оған
Петропавл қаласын да көшiп келудi ұсынады. Светлана Алматыдан
кеткiсi келмегендiктен күйеуiнiң бұл ұсынысын қабылдаудан бас тар-
тады.
Василийдiң пiкiрi бойынша Светлана заңды неке бойынша оның
əйелi болып табылатындықтан – күйеуiнiң бұл талабын орындауға
мiндеттi деп табады. Светлана болса ерлi-зайыптылардың бiрге тұруы
мiндеттi емес жəне олар бiр-бiрiне еңбек демалысы кезiнде барып-
келiп тұрса да, жеткiлiктi деп санайды.
ҚР отбасылық құқығы бойынша ерлi-зайыптылардың тұрғылықты
жердi таңдау құқығы деген ненi бiлдiрiедi? Василийдiң Светланаға
қойған талабы, яғни əйелiнiң оның қызмет орнына көшiп келуiн
мiндеттеуi дұрыс па? Светлананың пiкiрiне қандай сараптама берер
едiңiздер?
3. Бектемiров ойынханада (казинода)
iстейтiн Курбано-вамен
некеге тұрады. Некелерi тiркелiнгеннен кейiн күйеуi əйелiнiң
жұмысына қатысты түрлi наразылықтар бiлдiре бастайды. Ол
əйелiнен басқа бiр жұмысқа ауысуды талап етедi, Курбанова болса
бұл жұмыстың өзiне ұнайтындығын айтып күйеуiнiң талабын
орындаудан бас тартады.
Осы келiспеушiлiктен кейiн Бектемiров некенi бұзу туралы сотқа
талап-арыз бередi.
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? Неке жəне отбасы туралы
заңда некенi бұзудың қандай негiздерi мен тəртiбi белгiленген?
Бектемiров өз əйелiнiң қандай да бiр құқығын бұзды деп
ойлайсыздар ма?
4. Мезенцев пен Амирова, некеге тұрар алдында əрқайсысы
өздерiнiң тегiн (фамилияларын) сақтап қалуды ұйғарады. Олардың
Шарт жасасып қойғаннан кейiн бiр жылдан соң Арман мен
Əлияның үйiнен өрт шығып үйдiң жартысы жəне бiрсыпыра мүлiктер
жарамсыз болып қалады. Осы себептерге байланысты үйдi жедел
жөндеу қажет болады. Арман өзменшiгiндегi автомашинаны сатуды
ұйғарады.
Автомобильдi сатудан түскен ақша үйдi жөндеуге жəне тұрмыс
техникаларын
сатып
алуға:
теледидар,
тоңазтқыш
жəне
бейнемагнитофонға жұмсалады. Арада бiрнеше жылдар өткеннен
кейiн ерлi-зайыптылар некенi бұзу туралы жəне мүлiктi бөлiсуге
байланысты туған дауды шешудi өтiнiп сотқа арыз бередi. Iстi
шешiңiздер. Мүлiктi бөлу қалай жүзеге асырылады? Осы жағдайда
қандай мүлiктердi ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгiне
жатқызуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: