141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей əкесін жəне өгей шешесін асырап-бағу жөніндегі міндеттері 1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тəрбиелеп, асырап-баққан,
еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей əке мен өгей шешенің,
егер өздерінің кəмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан
немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала
алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды,
кəмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан
асырап бағуды сот тəртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер өгей əке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей
қыздарын бес жылдан аз уақыт тəрбиелеп, асырап-бақса, сондай-
ақ олар өздерінің тəрбиелеу жəне асырау міндеттерін тиісті түрде
атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей əкесі мен өгей
шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.