156-бап.Алимент бойынша берешекті төлеуден босату 1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе
тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы
берешек, кəмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін
жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісуі бойынша
азайтылуы мүмкін.
2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша
сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа
да дəлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық
жəне отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті
өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша
берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.