160-бап. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке
тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу
1. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты
тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті
отбасы мүшелерімен осы Заңның 143,144,147 жəне 148-
баптарына сəйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға
құқылы.
2. Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің
мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе
алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір
мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу
туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: