162-бап.Алименттік міндеттемелерді тоқтату 1. Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік
міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде
немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ
тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.
2. Сот тəртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:
1) бала кəмелетке толғаннан кейін немесе кəмелетке толмаған
балалар кəмелетке толғанға дейін толық əрекетке қабілетін алған
жағдайларда;
2) асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап
алынғанда;
3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына
келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп
танығанда;
4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж
болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;
5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті
адам қайтыс болғанда тоқтатылады.