188-бап.Хабар-ошарсыз кеткен, əрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенің бұзылуын тіркеу 1. Хабар-ошарсыз кеткен, əрекетке қабілетсіз немесе қылмыс
жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан
айыруға сотталған (осы Заңның 16-бабының 2-тармағы) адаммен
некенің бұзылуын тіркеуді екінші жұбайдың арызы мен соттың
заңды күшіне енген шешімінің немесе үкімінің көшірмесін не
шешім яки үкімнен алынған үзіндіні көрсету негізінде азаматтық
хал актілерін жазу органы жүргізеді.
2. Азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен
бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не əрекетке
қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз
кеткен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алынған күннен
бастап он бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті,
осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау
бар екені туралы хабарлауға құқылы.