185-бап. Ерлі-зайыптыларға неке туралы куəлік беру Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке
туралы куəлік беріледі.
26-тарау. НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛУЫН ТІРКЕУ
186-бап. Сот шешімі бойынша некенің бұзылуын тіркеу Некенің тоқтатылуын соттың заңды күшіне енген шешімі
негізінде тіркеу (осы Заңның 22-бабы) сот шешімі шығарылған
жердегі азаматтық хал актілерін жазу органында некенің
бұзылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі
жəне сот шешімі бойынша өндіріп алынуға тиісті соманың
төленгені туралы түбіршектің негізінде жүргізіледі.