182-бап.Некені тіркеу тəртібі 1. Некені тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында
(бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық
маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық)
округте - əкiм аппаратында жүргізіледі.
Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:
1) некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді;
2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге тұруға келісетінін жəне жұбайлардың қалап алатын
тектерін анықтайды.
2. Неке қиюға кедергі жоқ болған жағдайда азаматтық хал
актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған
некеге тұратындар қол қояды жəне оны азаматтық хал актілерін
жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.